Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

2025 жылғы 23 сәуірде Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Отырысқа ҚР Президентінің Ішкі саясат және коммуникациялар мәселелері жөніндегі көмекшісі Арман Қырықбаев, ҚР Парламентінің депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшелері, республикалық этномәдени бірлестіктердің басшылары мен мүшелері, ҚХА қоғамдық құрылымдарының өкілдері қатысты.

Ассамблея институтының елдегі бірлік пен келісімді нығайтудағы рөлі, сондай-ақ еліміздегі ауқымды өзгерістер барысындағы ерекше маңызы аталып өтті.
Ассамблеяның 30 жылдығы аясында атқарылып жатқан жұмыстар мен оған қоғамның кеңінен атсалысуы айтылды.

Кеңес қатысушылары Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жыл ішіндегі этносаралық бірлік пен келісімді нығайтуға қосқан үлесін, «Әралуандықтағы бірлік», «Біз әртүрліміз – бірақ теңбіз» қағидаттарын қоғамда сақтау мен ілгерілетудің маңызын ерекше атап өтті.

Кеңес барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің алдағы бағыттары талқыланды, атап айтқанда этномәдени бірлестіктер қызметін, ҚХА Ақсақалдар және Аналар кеңестерінің жұмысын, ҚХА қайырымдылық қызметін, этномедиация институтын, ғылыми-сарапшылық қызметін, «Ассамблея жастары» ұйымының жұмысын т.б. дамыту және жандандыру мәселелері сөз етілді.

https://baq.kz/qazaqstan-halqy-assambleyasy-kenesinin-keneytilgen-otyrysy-otti-200012281/?fbclid=IwY2xjawJ12M1leHRuA2FlbQIxMQBicmlkETF3OFJTdW1QNGVvYUQ2eGwwAR4UY29NTeazL3vtWrfJuZ5IrcgYzLgHr-Gl_pYgtiRNLJ9oxXjr45ncgIHVZA_aem_nbW3LQlMYmfVhogK7mjpBw