Қазақстанның БҰҰ мүшелігіне қабылданғанына 25 жыл
Ең алғаш әлемдік бас ұйымға кіру туралы өтінішті Қазақстанның арнайы өкілі Ақмарал Арыстанбекова 1991 жылы жеткізген.
Осыдан 25 жыл бұрын еліміз БҰҰ мүшелігіне қабылданды. Бүгін Сыртқы істер министрлігіне келген бірнеше мемлекеттің дипломатиялық өкілдері Қазақстанның халықаралық аренаға шыққанына 25 жыл толуымен құттықтады.
Ең алғаш әлемдік бас ұйымға кіру туралы өтінішті Қазақстанның арнайы өкілі Ақмарал Арыстанбекова 1991 жылы жеткізген. БҰҰ Бас хатшысы Кофи Аннан және Қауіпсіздік кеңесіне мүше мемлекеттер Қазақстанның ядролық қаруды таратпау жөніндегі ұстанымын ескеріп, егеменді елімізге оң көзқарастарын білдірді.