Марқұм ата-анадан кешірім қалай сұралады?
Уа алейкум ассалам!
Анаңыз алдында перзенттік парызыңызды дұрыс өтей алмадым деп сезінсеңіз, ең әуелі Алла Тағалаға шынайы тәубе еткен дұрыс. Мұнан соң, қате-күнәсінің кешірілуі үшін анаңызға арнап дұға жасаңыз және анаңыздың атынан садақа беріңіз. Сонымен бірге, анаңыздың туыстарымен ара-қатынасыңызды түзеңіз. Өйткені, бір кісі Алла елшісіне (с.ғ.с.) келіп: «Уа, Алла елшісі! Ата-анам бақилық болған соң оларға менің жасайтын тағы да бір жақсылығым бар ма? — деп сұрағанда Пайғамбар (с.ғ.с.): «Иә, бар. Ата-анаңа дұға ету, олардың ақысына истиғфар айту, оларға берген уәдені орындау, екеуінің ағайын-туыстарымен жақсы қарым-қатынаста болу және дос-жарандарына жақсылық жасап тұру[1]», — деген екен.
Қорыта айтқанда, адам баласы ата-анасына бақилық болған соң да кешірім сұрауына және жақсылық жасауына мүмкіндігі бар. Дейтұрғанмен, ата-ананың көңіліне қаяу түсіру үлкен күнә және дұға-тілегінің қабыл болмауының басты себептерінің бірі екенін ұмытпаған жөн.+
[1] Әбу Дауд, Ибн Мәжа