Дүниеден өткен ата-анаңа ТӨРТ жолмен жақсылық істе!
Сахих хадистерінің бірінде:
«Біз Нәбидің (с.ғ.с.) жанында тұрғанымызда бір кісі: «Я, Рассуллаһ (с.ғ.с.), ата-анам қайтыс болғаннан кейін оларға жақсылық істеудің жолы бар ма?» — деп сұрапты.
Ол (с.ғ.с.):
«Йә, бар. Қайтыс болған ата-анаңа ТӨРТ жолмен жақсылық істесең болады:
— олар үшін дұға етіп күнәлары үшін жарылқау тілеу,
— орындай алмай кеткен уәделерін орындау,
— достарын құрметтеу,
— ата-анаңды себепші етіп, олардың туыстарымен қатынасты үзбеу» — деді».
Осы ой ендігі бір хадисте былайша жалғасын табады:
«Жан тапсырысымен пенденің барлық амалы тоқтап, тек үш амал өз жалғасын табады. Ол — жария садақа, үйреткен пайдалы білім, артта қалған ізгі ұрпақтың дұғасы».