Жасөспірім шақтағы қыз баланың бойындағы өзгерістер
Жасөспірім шақтағы қыз баланың тәрбиесі аса маңызды әрі күрделі болып табылады. Ендеше аналар жасөспірім шақтағы қызыңыздың тәрбиесіне мән беріп төмендегі психологтың кеңесіне құлақ түріңіз:
- Осы кезеңде қызыңыздың құрбысы болыңыз.
- Әр қойған сұрағына жауап беріңіз. Жақсы сөз айтыңыз.
- Махаббат туралы әңгіме айтса түсіністікпен қараңыз.
- Қызыңызға кішіпейіл болыңыз, ұрыспаңыз.
- Киім таңдарда тар киімдерді алушы болмаңыз.
- Тыңдаған әуеніне, бос уақытын қалай өткізуде соған мән беріңіз.
- Еркелетіп бірақ керек кезінде, дұрыс әректтер жасамай жатса түсіндіріп айтыңыз.
- Қыз бала өз үйінде қонақ демекші, анасы жақсы қыздың тәрбиесі де жақсы боларына кәміл сенемін.
Жасөпірім шақтағы қыз баланың бойындағы өзгерістер:
Балиғатқа толу дегеніміз, қыз баланың етеккірінің келуі. Қыз бала үшін ең ерте етеккір 9 жасында келуі мүмкін. Одан ерте келген қан етеккір болып саналмайды. Ең кеші 17 жас деп қабылданған. Қыздар ер балаларға қарағанда (10-11 жаста) бір екі жыл бұрын толысады және ер балалардан бойы мен салмағы жағынан басып озады. Дененің өсу пропорциясы да өзгеріп, бұл кезде сүйектің қатаю процесі жылдамдай түседі. Сондықтан баланың денесінде қисаю секілді оғаштық байқалады. Бұл үшін денені түзететін тиісті дене шынықтыру жаттығулары қолданылмаса, дене бітімі сол күйінде тым тез бекіп қалады. 10-15 жас аралығындағы баланың көрген-білгенін таңдауға, кез-келген нәрсеге сыни көзбен қарауға, өзінше ой қорытуға қабіліттілігі артады. Жүйке жүйесінің тез қозығушылығы мен жылдам шаршауының салдарынан көңіл-күйінде де өзгерістер жиі болып тұрады.Жасөспірімдіктің алғашқы жылдарында бала сабақтарын көптеу уайымдайтын болса, одан кейінгі жылдары денсаулығын уайымдай түседі Денаулығында бір ақауды байқаса, соны ойлап уайымдаумен бірнеше күн көңіл-күйі жабырқаулы жүреді. Осының өзі баланың психолгиясына әсер етіп, бойындағы қорқыныш сезімдерін ушықтыра түседі. Жасөспірімге осы психологиялық күйді жеңір шығуда ортаның тәрбиелік ықпалы зор. Егер жанұяда сыйластық, имандылық пен инабаттылық, береке-бірлік болса, жасөспірімнің өтпелі кезеңді сәтті аяқтап, ақыл-ойы толысқан, ұстамды, адамгершілік қасиеттерді бойына жинақтаған тұлға ретінде жасөспірім шаққа оң қадам басары анық.
Қыз бала болашақ ана, қызыңызды осы жастан бастап жүрегіне жақсы сөздермен ұя салып, жақсы ана болыңыз. Сіз қызыңыз үшін айна болсаңыз қызыңыз сіздің әректіңізді қайталаушы ғана.
Дереккөздер:Исламдағы бала тәрбиесі Қ.Бағашар.
Дайындаған: Балжан НұрғалиқызыҚР «Қазақ психологиялық қоғамы» бірлестігінің мүшесі, психолог Қанапияева