КҮЛКІНІҢ СІЗ БІЛМЕГЕН 7 ПАЙДАСЫ

Ғалымдардың медицина саласындағы ізденістері назар аудартады. Сырқаттардың мінез-құлқын, көңіл-күйін зерттеу кезінде дәрігер күлкінің де ем болатынын анықтап отыр. Күлкі – тек адам көңіл-күйінің сыртқы бейнесі ретінде білеміз. Оның денсаулыққа тигізер пайдасы көп екенін біле бермейміз.

  1. Адам күлген кезде беттегі ет талшықтары демалады.
  2. Бір нәрсеге ашуланып болмаса, қатты ренжіген уақытта 43 бұлшық ет жиырылып түйілсе, күлген сәтте оның 17-ы ғана жиырылады.
  3. Күлкі адам миының сол жақ жартысының жұмысын жақсартады. Осы мезеттегі бёхимииялық прөцестер адамдардағы күйзеліске түсіретін гормондардың пайда болуына жол бермейді.
  4. Қатты күлгенде қанда иепдорфин пайда болып, ауырған жеріңнің сыздағанын басып тастайды. ал мұның өзі адамды ентікпеден, бастың сақинасы мен жауырын құрысуын әлсіретіп, емдеуге көмегін тигізеді.
  5. 5 минуттық риясыз күлкі 40 минуттық жақсы демалыспен тең.
  6. Шын күлген сәтте қан тамыры кеңейіп, жұмысы жақсара түседі.
  7. Күлкі бетке массаж жасап, тынысты кеңейтеді.