«100 қадам» Ұлт жоспарын іске асыру аясындағы ҚР құқық қорғау органдары кадр саясатының тұжырымдамасы.
Александр Огай,
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының
Кадр жұмысы департаментінің бастығы
2015 жыл Қазақстан үшін айтулы жыл болды – Мемлекет басшысы бес институционалды реформаны жариялады, ол әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру мақсатында біздің еліміздің және адам капиталының одан әрі жемісті дамуына бағытталған басым бағыттары белгіленді.
Аталған реформалардың бірі заманауи мемлекеттік аппаратты қалыптастыру болып табылады, бұл толықтай бұрын қабылданған Құқық қорғау органдарының кадр саясаты тұжырымдамасының ережелерімен сәйкес келеді.
Осыған байланысты Тұжырымдаманы қарастырылып отырған институттық реформалар аясында жүзеге асыру туралы объективті шешім қабылданды.
Мұның нәтижесінде Тұжырымдамада қарастырылған барлық жаңалықтар белгіленген уақытынан екі жыл бұрын құқық қорғау қызметін жетілдіру мәселесі бойынша заң жобасында қамтылды, бұл заңға Мемлекет басшысы 2015 жылғы 29 қазанда қол қойды.
Осы заңмен кәсіби кадрлар құрамын қалыптастыру жөніндегі міндеттерге қол жеткізуге бағытталған кадрлық процестерге бірқатар жаңа тетіктер енгізілді.
Алға қойылған мақсатқа жету жолындағы келесі қадам ретінде 12 заңға тәуелді акт (Президенттің 1 Жарлығы және Бас Прокурордың 11 бұйрығы) әзірленді. Жаңа нормативтік база Президент реформасын жүзеге асыру жөніндегі жоспарда қарастырылған іс-шараларды — қызметке кандидаттарды іріктеуден бастап ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуал мәселесіне дейін толығымен орындалуын қамтамасыз етті.
Прокуратура органдарына қызметке кіру (бірінші қадам) бүгінде төменгі тұрған лауазымнан басталады – біліктілік талаптарымен бос лауазымға орналасу үшін барлық шарттар нақты регламенттелген.
Ең алдымен барлық кадрлық процестерді ғылымға негізделген әдістермен жоспарлау мен болжауды іске асыру көзделіп отыр. Мысалы, жұмсалатын қаражат пен күштерді үнемдеу мақсатында, қызметке қабылданатын кандидаттарды іріктеу мен оларды алдын ала зерттеу конкурс жариялағанға дейін жүргізілетін болады.
Басқа елдердегі сияқты елімізде де жағдайдың қарқынды өзгеруіне байланысты кадрларға деген қажеттілікті қанағаттандыру үшін Мамандықтардың тізбесіне қарай қызметкерлерге деген қажеттілік жоспарланатын болады.
Сонымен бірге осы міндетті іске асыру үшін Кадрлық болжамды жүргізу әдістемесі әзірленді, бұл құжат алдын-ала қызметкерлерге деген қажеттілікті жоспарлауға бағытталған, соның ішінде арнайы білімі мен дағдысы бар (дінтанушылар, криминалистер, психологтар және т.б.) қызметкерлерді іріктеуге арналған.
Прокуратура органдарында кадрлық резервті қалыптастыруға көзқарас елеулі түрде өзгерді. Бұдай былай резерв екі жолмен қалыптасатын болады:
1) аттестаттау нәтижесі бойынша;
2) қызмет тиімділігін бағалау нәтижесі бойынша.
Сонымен бірге резервте тұрғандар үшін ведомстволық мәліметтер қоры құрылады, бұл қорда бос тұрған басшы лауазымдар туралы және оған орналасу үшін кандидатқа қойылатын талаптар туралы нақты мәліметтер көрсетіледі.
Тағы да бір инновациялық жаңалықтардың бірі, ол бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін енгізу болып табылады (меритократия қағидасы). Ендігі жерде бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші жоғары қызметкерлер ғана қызмет бабында жоғарылайтын болады. Бұл көрсеткіш әрбір қызметкердің тиімді жұмыс жасап отырғанын көрсететін белгілі бір индикаторлар арқылы есептеп шығарылады.
Қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды жасау мақсатында және жұмыстың сапасын арттыру үшін тұрақты түрде әлеуметтік мониторинг жүргізу институты енгізілді.
Жеке құраммен жұмыс істеудегі мұндай көзқарас өзінің дұрыс екенін көрсетті.
Бұл шаралардың барлығы екінші қадамды — құзыреттілік көзқарас негізінде іріктеу мен мапсаптық өсуді қамтамасыз етуге бағытталған.
Төртінші қадамды орындау бойынша прокуратура органдары сәл алда келе жатыр, бізге қызметке кірудің сынақ мерзімі бір жылға дейін болып белгіленген, тек сосын ғана жас маман әрі қарай аттестаттаудан өтеді, содан кейін бірінші сыныптық шенді беруге ұсынылады.
Бұл шешім неғұрлым даярлығы күшті мамандарды қызметте қалдыру мәселесіне жауапты қарау қажеттігінен туындайды, олармен қызметтегі жаңа тәртіпке «бейімдеу» үшін дербес жұмыс жүргізілетін болады.
Өз кезегінде бұл жұмыс арнайы бағдарлама бойынша бейімдеу рәсімдерін енгізу арқылы жүзеге асатын болады. Жас мамандарға тәжірибесі мол тәлімгерлер бекітіледі, тәлімгерлер қосымша жұмыс жүктемесін алғаны үшін жеңілдіктер мен нақты бонустар түрін пайдаланатын болады.
Алғаш рет жұмыс стандарты енгізілетін болады, бұл стандарттар барлық жұмыстағы процестерді реттейді және қызметкердің жұмысының нәтижелерін өлшеуге, нақтылауға мүмкіндік беретін болады.
Кейіннен, қол жеткізген жетістіктерден еңбек ақысы тәуелді болады, бұл үшін Мемлекет басшысының 2016 жылғы 16 наурыздағы Жарлығы қабылданды, онда нәтижелерін ескере отырып құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жұмысын бағалау, лауазымы бойынша разрядтар беру тәртібі айқындалған.
Біздер мұны нәтижелеріне қарай еңбекақы төлеуге өтуді белгілейтін алтыншы қадамның ережелерін жүзеге асыру мақсатында әзірледік.
Сегізінші қадамды жүзеге асыру шеңберінде облыстық және аудандық деңгейдегі басшыларды әрбір бес жыл сайын жоспарлы түрде ротациялау жүргізіледі және ротация жасалған қызметкерге міндетті түрде тұрғын үй беру көзделеді.
Бұл үшін прокуратура органдарында ведомстволық тұрғын үй қоры (103 бірлік) қалыптастырылды.
Ұлт жоспарының тоғызыншы қадамында мемлекеттік қызметшілерді кәсіби біліктілігін көтеру үшін тұрақты түрде оқыту қарастырылған.
Осы тапсырманы орындау 2015 жылы Құқық қорғау жүйесін жаңғыртудың мемлекеттік бағдарламасы және Құқық қорғау органдарының кадр саясаты тұжырымдамасына сәйкес құрылған Бас прокуратура жанындағы құқық қорғау органдарының академиясына жүктелген.
Білім беру мекемесінің негізгі бағыттары мынадай: құқық қорғау органдары қызметкерлерін, соның ішінде Қазақстан Республикасы Құқық қорғау органдары басшылығының Президенттік резервінде тұрғандардың кәсіби деңгейін арттыру; құқық қорғау қызметі саласында ведомствоаралық ғылыми зерттеулерді жүргізу және үйлестіру; жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыру. Ғылыми және білім беру қызметі өзіндік профессорлық-оқытушылық құрамымен де, шет елден шақырылғандарды қоса алғандағы сарапшылармен де жүргізіледі.
Он екінші қадамды іске асыру мақсатында Мемлекет басшысының Жарлығымен Мемлекеттік қызметшілердің жаңа Этикалық кодексін бекітіліп, Этика бойынша уәкіл институтын енгізілді. Сонымен қатар құқық қорғау жүйесінде бұл функцияларды бұрыннан бері ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлімшелері атқарып келе жатқаны белгілі.
Осылайша, прокуратура органдарында жоғары білікті, кәсіби кадр құрамын тәрбиелеу үшін қажетті құқықтық база дайын. Осындай жұмыстар басқа құқық қорғау органдарында да жүргізілді.
Қазіргі таңда біздер барлық инновациялық көзқарастарды жұмыста қолдануға кірісіп кеттік. Бұл процестердің барлығы барынша жылдам және біздің қызметкерлер үшін қиындықсыз өтеді деп күтеміз.
Аталған факторлардың жиынтығы кадрлармен жұмыс жасаудың сапасын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді және Мемлекет басшысының қызмет бойынша жоғарылату кезінде меритократия қағидасын іске асыру жөніндегі тапсырмасын орындауды қамтамасыз етеді.