Қайрат Әбдірахманов: Қазақстанның ішкі саясатына ешкім қол сұға алмайды
Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов 13 наурыз күні Парламенттің Үкімет сағатында «Қазақстан Республикасының 20172018 жылдардағы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі мүшелігінің басымдылықтары туралы» баяндама жасады. Тарихи қысқа мерзімде Қазақстан өзінің тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен БҰҰ-ның қағидаттарын, құндылықтарын дамытуға, кең-байтақ Еуразия кеңістігінде ғана емес, сонымен бірге жаһандық ауқымда да бейбітшілікті, қауіпсіздікті, дамуды нығайтуға елеулі үлес қосқандығы да кең көлемде айтылды.
Кейінірек БАҚ-та жарық көрген Түркия елшісінің Қазақ-түрік лицейлері туралы сұхбатына орай мынаны мәлімдеді. «Қазақстан елдегі білім беру мекемелерінің қызметіне ешкімнің араласуына жол бермейді. Қазақ-түрік лицейлері ребрендингтен өткенін растаймын, Қазақ-түрік лицейлері атауын өзгертті. Қазір «Біліминновация лицейі» деп аталады. Лицейлер Қазақстанда бекітілген мектептік бағдарламалар бойынша жұмыс істейді және оларға тиісті жергілікті атқарушы билік органдары басшылық етеді. Біз Қазақстандағы білім беру мекемелерінің қызметіне біреудің араласуына жол бермейміз», — деді ол.
Естеріңізге салсақ, мұның алдында ҚР-дағы Түркия елшісі Невзат Уянык Қазақстанда Түркия үкіметі ресми қолдайтын оқу орны тек Ясауи атындағы халықаралық қазақтүрік университеті екенін мәлімдеген болатын.