Наиль Ахметзакировке жаңа міндет жүктелді
Бас Прокурор Жақып Асановтың ағымдағы жылғы 15 наурыздағы №62/6 бұйрығымен аға әділет кеңесшісі Наиль Ахметзакировке Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы ректорының міндетін атқару жүктелді.
Осыған дейін ол Академия бірінші проректорының міндетін атқарып келді.
Бас прокуратураның баспасөз қызметі