Мұсылманның елу төрт парызы

 

  1. Алла Тағаланы біреу деп зікір ету¹
  2. Адал жолмен тапқан таза киімді кию
  3. Дәрет алу
  4. Бес уақыт намаз оқу
  5. Жүніптіктен (кірден арылу) ғұсыл алу
  6. Рызық үшін Аллаға арқа сүйеу
  7. Адал жеу, іші
  8. Алланың бергеніне қанағт қылу
  9. Жән-тәнімен бағыну
  10. Қазаға (яғни, Алла үкіміне) ырза болу
  11. Нығметке шүкіршілік ету
  12. Пәле-жаладан сабыр ету
  13. Күнәлардан тәубеге келу
  14. Ғибраттарды ықыласпен жасау
  15. Шайтанды дұшпан деп білу
  16. Құранды дәлел деп тану
  17. Өлімге әзір болу
  18. Жақсылықты жақтап, жамандықтан жирену
  19. Өсек айтпау, жаман нәрселерді тындамау
  20. Әке-шешеге жақсылық жасап, оларға бағыну
  21. Туған-туыспен қарым-қатынаста болу
  22. Аманатқа қиянат жасамау
  23. Дінге өрескел қалжынға бармау
  24. Алла мен Пайғамбарға мойын ұсыну
  25. Күнәлардан қашып, Алланы паналау
  26. Алла үшін сүю, Алла үшін сүймеу
  27. Әр нәрсеге ғибратпен қарау
  28. Тәфәккүр ету (Алла Тағаланың қүдіретін, ұлылығын және адамды жаратудағы мақсатын ойлау)
  29. Ілімді үйренуге ұмтылу
  30. Жаман ойдан сақтану
  31. Мазақтамау
  32. Харамға қарамау
  33. Әрдайым тура болу
  34. Құтыру және азғындықтан аулақ болу
  35. Сиқыр жасамау
  36. Өлшеуде және таразыда тура болу
  37. Алланың азабынан қорқу
  38. Бір күндік тамағы жоқ кісіге садақа беру
  39. Алланың рахметінен үміт үзбеу
  40. Нәпсі құмарлығына бой алдырмау
  41. Ішімдік ішпеу, есірткіден аулақ болу
  42. Алла және мұсылмандар туралы жаман ойдан қашу
  43. Зекет беру және мал-мүліктен бағаштау
  44. Хайыз бен нифас кезінде жұбайымен жақындаспау
  45. Барлық күнәлардан жүрегін таза ұстау
  46. Жетімнің малын жемеу
  47. Менмен болмау
  48. Қызтекелік және зинақорлық жасамау
  49. Бес уақыт намазды уақтылы оқу
  50. Зұлымдықпен халық малын жемеу
  51. Аллаға серік қоспау
  52. Екі жүзділіктен сақтану
  53. Өтірік ант етпеу
  54. Берген садақасына мақтанбау.

 

¹Зікір: тілмен немесе жүрекпен жасалады. Жүрекпен жасалғанды зікір-ә хафи делінеді. Құран Кәрім оқу, кәлимә-и тәухид, тәхлил, салауат-ы шәрифа және басқа дұғаларды оқу да тілмен жасалатын зікірлерден.