Балдан да тəтті оқиға
Бірде Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у) сахабаларымен жорықтан келе жатып Әлидің (р.а.) үйіне қонақ болады. Дастарқан жайылып, бар тапқанын қойып алтындай нұрлы ыдысқа бал салынады. Балға қыл түсіп кеткенін көрген Әли (р.а.):
-Дүние қандай нәрсе осы ыдыстан нұрлы, балдан тəтті, қылдан жіңішке?-деп қонақтардан сұрайды.
Сауалға алғаш болып Әбу Бәкір (р.а.):
-Алланың пенделерге бұйырған намазы бұл ыдыстан нұрлы, сол пенделердің оқыған намазы балдан тəтті, сол намаздың парыз,уəжіп,сүннет амалдарына бекем болу қылдан жіңішке,-деп жауап берсе, Хаттабтың ұлы Омар (р.а.):
-Есіктен кірген мүсəпір қонақты қадірлеген үй иесі бұл ыдыстан нұрлы, қонақтың көңілін аулап сөйлесу балдан тəтті, қонақты құрметтеп, оның ісіне жəрдемесу қылдан жіңішке,-деп жауап қайырады.
Ал, «Қос нұрдың иесі» Осман (р.а.) сыпайы қалпымен Әлидің (с.а.у) сұрағына:
-Құран оқыған адам бұл ыдыстан нұрлы, ғалымдармен бірге болу балдан тəтті, Құранның мағанасына жетіп, тура тəпсірлеу қылдан жіңішке,-деп жауап қатады.
Құрметті үш сахабаның жауабына тәнті болған Әли де (р.а.) өз сауалына ризашылықпен:
-Менің үйіме келген сахаба қонақтардың жүзі бұл ыдыстан нұрлы, олардың сөздері балдан тəтті, олардың көңіліне қарау қылдан жіңішке,-деп үн қосады.
Іле-шала от-анасы Фатима да (р.а.) әңгімеге қосылып:
-Күйеуіне бой ұсынып оған бағынған əйел бұл ыдыстан нұрлы, жамандыққа жақсылық жасау балдан тəтті, күйеуінің разылығын алу қылдан жіңішке,-деп жауап берсе, сахабаларының ғибратқа толы жауаптарын байыппен тыңдап тұрған Пайғамбарымыз (с.а.у) былай дейді:
-Үмметімнің жүрегі бұл ыдыстан нұрлы, Құранға жəне менің сүннетіме бекем болу балдан тəтті, бірақ өмір бойы бекем болу қылдан жіңішке.
Сол уақытта Жебірейіл періште пайғамбарымызға келеді де, былай деп жауап береді:
-Алланың уахиі жəне хабибімнің өмірі бұл ыдыстан нұрлы, жәннаттағы Кәусар суы балдан тəтті, Сират көпірі бұл қылдан өте жіңішке.
Бұдан кейін Мұхаммед Пайғамбар (с.а.у) былайша дұға жасайды:
-О, Алла осы бал оқиғасын ұққан жəне оқыған үмметтеріме барлық Пайғамбарлардың сауабын қалаймын!
Қас-қағым сәтте Алладан жауап келеді:
-Əр кім осы бал оқиғасын ұқса, оқыса барлық Пайғамбарлардың сауабын берем!
Ендеше, барша Пайғамбарлардың сауабынан құр қалмайық!
Дайындаған «ЕлАна»