БҒМ ұйымдастырған республикалық айтыста тараздық ақын топ жарды

ҚР Білім жəне ғылым министрлігінің қолдауымен «Білім — Инновация» халықаралық қоғамдық қоры мен «Жəдігер жастары» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған «Білімдіге дүние жарық» республикалық ақындар айтысында 12 ақын бақ сынады.

Кеше Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында өткен сөз додасына Астана, Ақтөбе, Маңғыстау, Тараз, Қызылорда, Қарағанды, Орал, Қостанай қалаларынан келген, жасы 30-ға дейінгі 12 ақын қатысты.

Бас жүлде тараздық Əсет Дүйсебаевқа бұйырды. ал бірінші орынды Ақ Жайықтан келген жас пері — Талғат Мықи иеленді. Айтысты ҚР Білім жəне ғылым министрлігінің қолдауымен «Білім — Инновация» халықаралық қоғамдық қоры мен «Жəдігер жастары» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған.

Қазылар алқасында төбе би танымал ақын Айтақын Бұлғақов болды.

Дүбірлі додада ілімнің пайдасы, туған жері тақырыбы кеңінен жырланып, сөз қағысқан жас ақындар қоғамдық мəселелерді де өткір қозғады.

Baq.kz