Сегіз жерде отырғанның сегіз жағдайы артады
Бай-ауқатты адамдармен отырған адамның дүниеге құмарлығы мен әуесі артады;
Кедей-жарлылармен бірге отырған адамның шүкіршілігі мен көңіл тоқтығы артады;
Әкімдермен бірге отырған адамның тәкаппарлығы мен өзімшілдігі артады;
Бөтен әйелмен оңаша отырған адамның оған деген құмарлығы артады;
Балалармен отырған адамның ойынға пейілі артады;
Күнәһармен отырған адамның жүрегінің қаттылығы артады;
Ізгі құлдармен отырған адамның құлшылыққа құштарлығы артады;
Ғалымдармен бірге отырған адамның ілімі мен тақуасы артады…