Астанада №200 түнгі бағдар енгізілмек
Сәуірдің 7-сінен 8-не қараған түні тестілік режимде «Теміржол вокзалы – Халықаралық әуежай» арасында № 200 түнгі бағдар еңгізіледі деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Астана қаласының Жолаушылар тасымалы басқармасының хабарлауынша, бағдар «Теміржол вокзалы – Біржан сал көшесі – Жеңіс даңғылы – Кенесары көшесі – Республика даңғылы – Қабанбай батыр даңғылы – Сарайшық көшесі – Тұран даңғылы – Достық көшесі – Қабанбай батыр даңғылы – «Пригородный» т/а – Халықаралық әуежай» арқылы жүреді.
Жол жүру ақысы 150 теңгені құрайды.
Қозғалыс аралығы: 30 — 60 минут.
Ескерте кетейік, жаңа маршруттардың жұмыс уақыты — 23:00 ден 06:00 дейін.