Осы 30 істі дәл қазір бастаңыз

Бүгінгі күн – жақын арада болатын жақсы жаңалықтың бастапқы кезеңі. Және, сол болашақ жарқын болу үшін, төменде айтылатын 30 әрекетке дәл қазір кірісіңіз.Уақытыңызды лайықты адамдарға ғана арнаңыз

Бұл сізге жағымды, сізді жақсы көретін және бағалайтын, сізге игілікті ықпал ететін адамдар. Бұл сізге өмірдің дәмін сездіруге көмектесетін, сізді қалай бар, солай қабылдап қана қоймай, сіз тең келгіңіз келетін қасиеттерге ие адамдар.

2.Қандайда бір қиындықтарды тік тұрып қарсы алыңыз

Қандай мәселеге ұрынғаныңыз ғана емес, мәселені қалай қабылдайтыныңыз және қалай шешетініңіз сіз жайлы көп нәрсе айта алады. Әрекет етпесеңіз, қиындық өз бетімен жоғалып кетпейді. Қолыңыздан келгеннің бәрін жасаңыз және өз ісіңізге жауап беретіндей болыңыз. Осы ретте «Қадам басқан адам ғана жолды бағындырады» деген жапон мақалы еске түседі.

 

3.Өз-өзіңізге адал болыңыз

Өз-өзіңізге ненің дұрыс екенін, ал нені өзгерту керек екенін мойындаңыз. Неге қол жеткіңіз келеді және кім болғыңыз келеді, нақты мойындаңыз. Кез келген өмірлік салада әрдайым адал болыңыз. Өйткені сіз тек өзіңізге сене аласыз. Өзіңіздің кім екеніңізді білу үшін ақиқатты жан-дүниеңізден іздеңіз. Осылай істегенде ғана қазір қайда екеніңізді және мұнда қалай тап болғаныңызды жақсы түсінетін боласыз.

4.Өз бақытыңызды бәрінен биік қойыңыз

Сіздің қажеттіліктеріңіз маңызға ие. Егер сіз өзіңізді бағаламасаңыз, өз-өзіңізді күтпесеңіз, қорғамасаңыз, өзіңізге зиян келтіресіз. Есіңізде болсын, айналаңыздағы адамдарға қамқор бола тұра, өз қажеттіліктеріңізді де іске асыруға болады. Және, қажеттіліктеріңіз іске асқан жағдайда көмекке мұқтаж адамдарға қол созу мүмкіндігі артады.

5.Шынайы болыңыз және бұл мақтануға тұрарлық қасиет

Өзге біреу болуға ұмтылу өз тұлғаңызға нұқсан келтіреді. Шынайы болыңыз. Бойыңыздағы адамды пайдаланыңыз – оның өзге ешкімде жоқ идеяларын, мықты жақтарын, әсемдігін. Өзіңізді қалай бар, солай ұстаңыз. Ең бастысы, өз-өзіңізге шынайы болыңыз. Егер бұл қолыңыздан келмесе, өзгелермен шынайы бола алмайсыз.

6.Осы шаққа назар аударып, осы шақта өмір сүріңіз

Дәл қазіргі уақыт – бұл таңғажайып кезең. Дәл осы шақ – қолыңызда бар жалғыз сәт. Өмір дәл қазіргі уақытта сүріліп жатыр. Болашақта алынатын қамалдарды ойлана беруді доғарыңыз. Өткен шақта болған немесе болмаған оқиғаларды ойлай беруді доғарыңыз. Дәл қазіргі уақытта өмір сүруді үйреніңіз. Дәл қазір болып жатқан оқиғамен өмір сүріңіз. Дәл қазіргі сәттегі әдемілік үшін әлемге риза болыңыз.

7.Қателіктеріңізден алған сабақтарды бағалаңыз

Қателіктер – бұл қалыпты жағдай, олар алға жылжып жатқаныңызды білдіреді. Егер сіз ара-тұра қателесіп тұрмасаңыз, сіз тырыспайсыз және сабақ алмайсыз. Тәуекелге барыңыз, артқа шегініңіз, құлаңыз, ал кейін қайта тұрып, қайта тырысып көріңіз. Алға жылжып жатқаныңызды, сабақ алып жатқаныңызды және жетіліп жатқаныңызды бағалаңыз. Елеулі жетістіктер міндетті түрде сәтсіздіктің ұзын жолының соңында күтеді. Сіз қорқып жүрген бір «қателік» сізді үлкен жетістікке жеткізетін бір ғана көпір болуы мүмкін.

8.Өз-өзіңізге сыпайырақ болыңыз

Егер сіз өзіңізбен қалай сөйлессеңіз, дәл солай сөйлесетін досыңыз болса, ондай доспен достығыңыз қай уақытқа дейін жалғасар еді? Өз-өзіңізге деген қарым-қатынасыңыз басқаларға үлгі болады. Сіз өзіңізді басқалардан бөлек, қалай бар, солай жақсы көру керексіз.

9.Барыңызды бағалап, ләззат алыңыз

Көбіміздің қателесетін жеріміз, өмірде қандайда бір белеске жеткенде ғана бақытты боламыз деп ойлаймыз. Нәтижесінде әрдайым жаңа белестерді бағындыруға ұмтылып, осы шақтан ләззат алуды ұмытамыз. Сондықтан таңертең, ояна салған сәтті осы уақытқа дейін жеткен жетістіктерді, барыңызды бағалауға арнаңыз.

10.Өз бақытыңызды құрыңыз

Егер сізді біреу бақытты етеді деп ойласыңыз, сіз қателесесіз. Жымиыңыз, өйткені сіз мұны істей аласыз. Бақытты таңдаңыз. Әлемнен күтіп жүрген өзгерісті өзіңіз жасаңыз. Дәл қазіргі уақыттағы болмысыңызды қуана қабылдаңыз, және осы шаққа деген позитивтік көзқарасыңыз ертеңіңізді шабыттандырсын.

11.Өз идеяларыңыз бен армандарыңызға мүмкіндік беріңіз

Өмірде мүмкіндік алу жайлы әңгіме өте сирек қозғалады, мұнда ең бастысы сол берілген мүмкіндікті пайдалану. Сіз бәрі ойдағыдай болатынына ешқашан 100% сенімді болмайсыз, бірақ ештеңе істемесеңіз ештеңе болмайтынына 100% сенімдісіз. Ал сізге сол мүмкіндікке жету үшін жай ғана уақыт бөлу керек. Және бұл қалай аяқталатыны маңызды емес, қалай аяқталу керек болса, солай аяқталатыны анық. Сізді табыс күтіп тұр, немесе сіз бірдіңіне түйіп шығасыз. Қалай болғанда да, сіз ұтасыз.

12.Сіз келесі қадамға дайынсыз, сеніңіз

Сіз дайынсыз! Осы жайлы ойланыңыз. Алға жетелейтін кішкентай қадам үшін сізде бәрі бар. Сізге берілетін мүмкіндіктерді пайдаланыңыз, қиындықтардан қашпаңыз – бұл сіздің өсуіңізге ықпал ететін сый.

13.Қажет жағдайда ғана адамдармен жаңа қарым-қатынас құрыңыз

Өзіңіз ұқсағыңыз келетін немесе тұлғаңызға сай келетін сенімді шынайы адамдармен ғана қарым-қатынас құрыңыз. Ол адаммен таныстығыңызды мақтан тұтатын, өзіңіз сүйсінетін, сізді сыйлайтын, мейіріміңізге мейіріммен және қызығушылықпен жауап беретін адамдармен достық орнатыңыз.

14.Жаңа адамдарға мүмкіндік беріңіз

Бұл жағымсыз естілсе де, дос болған әрбір адаммен мәңгі бірге бола алмайсыз. Адамдар және қызығушылықтар өзгереді. Бір қарым-қатынастар құрдымға кетеді, жаңасы пайда болады. Жұмыс істемейтін қарым-қатынастан табиғи түрде құтылып, жаңа қарым-қатынастың мүмкіндіктерін бағалаңыз. Пайымдарыңызға сенімді болыңыз. Жаңа қарым-қатынастарды қабылдап жатқанда, таныс емес шекараға аяқ басып жатқаныңызды түсініңіз. Үйренуге дайын болыңыз, қиындықтарға дайын болыңыз және өміріңізді түбегейлі өзгертетін адамды кездестіруге дайын болыңыз.

15.Бұрынғы өзіңізбен жарысыңыз

Өзгелерден шабыт алыңыз, оларды бағалаңыз, олардан үйреніңіз, бірақ олармен жарысу – бекер. Сіз бір ғана адаммен жарысасыз – өз-өзіңізбен. Ең керемет қасиеттеріңізді көрсете алатындай жарысыңыз. Өз жетістіктеріңізді басып озатындай мақсат қойыңыз.

16.Өзгелердің жеңісіне қуаныңыз

Өзгелердің бойында нені ұнататыныңызға назар аударыңыз, және оларға осы жайлы айтыңыз. Айналаңызда керемет адамдар бар екенін түсіну, оны қабылдау жақсылықтың нышаны – бұл сізді алға жылжуға, қанағаттыққа және бейбітшілікке әкеледі. Табысқа жетіп жатқан адамдар үшін қуаныңыз. Олардың жеңіске жетуіне тілектес болыңыз. Жасаған жақсылықтарына шынымен риза болыңыз. Ерте ме, кеш пе оларға деген жылы қарым-қатынасыңыз сізге оралады, сонда адамдар сіз үшін тақым қысатын болады.

17.Қиын жағдайлардың жақсы жақтарын іздеңіз

Бәрі құрдымға кетіп, еңсеңіз түскенде, бірнеше рет терең тыныстаңыз, ал кейін жақсы жақтарын іздеңіз – кішкентай үміт сәулелерін. Осы қиындықтардың арқасында шыңдала алатыныңызды және міндетті түрде шыңдалатыныңызды еске салыңыз. Өміріңізде оңынан орын алған – өз жетістіктеріңіз бен жеңістеріңізді естен шығармаңыз. Қолыңызда жоқ дүниеге емес, бар дүниеге барынша назар аударыңыз.

18.Өзіңізге және өзгелерге кешірімді болыңыз

Өзіміздің немесе өзгелердің шешімі үшін қайғыратын кездеріміз болады. Және сол үшін сезінетін ауыртпалық қалыпты болғанымын, кейде мұндай күй ұзаққа созылады. Біз сол ауыртпалықты қайта-қайта сезініп, ұмыта алмаймыз. Мұның емі – кешіру. Бұл өткенді өшіру немесе болған істі ұмыту дегенді білдірмейді. Бұл реніш пен ауыртпалықты ұмытып, бұдан сабақ алып, әрі қарай өмір сүру дегенді білдіреді.

19.Айналаңыздағы адамдарға көмектесіңіз

Адамдарға қамқор болыңыз. Үздік жолын білсеңіз, соны меңзеп жіберіңіз. Өзгелерге көмек қолын созған сайын, басқалар да сізге көмектескісі келетін болады. Махаббат пен мейірім махаббат пен мейірімді туындатады. Және бұл әрдайым солай болмақ.

20.Түйсігіңізді тыңдаңыз

Егер бұл көмектессе, идеяларыңызды ең жақын адамдарыңызбен талқылаңыз, бірақ өз түйсігіңізбен жүруге өзіңізге мүмкіндік беріңіз. Өзіңізге адал болыңыз. Айтарыңызды айтыңыз. Жүрегіңіз не десе, соны істеңіз.

21.Қатты шаршауға жол бермеңіз, ара-тұра демалып тұрыңыз

Қарқынды басыңыз. Терең демалыңыз. Өзіңізге үзіліс жасауға, қайта құрылуға және алдыңа мақсат қойып, нақты қадам жасауға мүмкіндік беріңіз. Шаруа бастан асып жатқанда, кішігірім үзіліс ақыл-ойды сергітіп, өнімділікті арттырады.

22.Әр сәттің көркемдігін байқаңыз

Үйлену тойы, бала туу, мансаптың жоғарылауы, ұтыс ойынын ұту сияқты орасан зор оқиғаны күтудің орнына күнделікті орын алып жатқан кішігірім оқиғалардан бақыт іздеңіз. Таңғы кофе, дәмді түскі ас немесе үй тағамының елітер иісі, сізге қуаныш сыйлайтын затты басқалармен бөлісу немесе сүйікті адамыңыздың қолынан ұстау сияқты кішігірім оқиғалар.

23.Жетілмеген дүниені де қабылдаңыз

Есіңізде болсын, жетілген дүние – жақсылықтың дұшпаны. Өзін және қоршаған ортасын жақсартқысы келетіндердің бір өрескел қателігі, айналадағы шынайы болмысты қалай бар, солай қабылдай алмауында. Кейде әлемді және ондағы адамдарды шынайы бағалап және бар болмысымен қабылдаған жөн. Оларды өз арманыңдағы қиялға айналдыруға тырысу қателік болып табылады. Әрине, бұл қабілетсіз болу керек дегенді білдірмейді, бірақ аса жетілмей қалған дүниелерді де қабылдап, жақсы көруді үйрену керек.

24.Күнделікті мақсатыңызға бір қадам жақындай түсіңіз

Мыңдаған километрге саяхат бір қадамнан басталатынын ұмытпаңыз. Нені армандасаңыз да, күнделікті сол арманыңызға жақындататын бірдеңе істеп отырыңыз. Әрекет жасаңыз! Қарқынды жұмыс жасаған сайын табысты боласыз.

25.Сезіміңізді жасырмаңыз

Егер ренжіп жүрген болсаңыз, ренішіңізді көрсетуге мүмкіндік пен уақыт беріңіз, бірақ оны жасырмаңыз. Жақын адамдарыңызбен бұл жайлы сөйлесіңіз. Сезіміңізді жеткізіңіз. Оларға түсіндіруге тырысыңыз. Жаныңызды жабырқатып жүрген ойларыңызбен бөлісу өте оңай, есесіне мәселе шешілген соң тез арада жақсы көңіл күйге бөленесіз.

26.Өз өміріңізге жауапкершілік алыңыз

Сіздің таңдауыңыз бен қателіктеріңіз бұл тек сіздікі болсын, және оларды түзеу үшін сізге бірдеңе істеу керек болатынына дайын болыңыз. Өз өміріңізге өзіңіз жауапты болмасаңыз, басқа біреу жауапты болады. Және бұл іске асқан жағдайда, сіз оның армандарының құлына айналасыз. Өміріңізді басқаруға ешкімге мүмкіндік бермеңіз. Иә, бұл оңай емес екенін ескертеміз.

27.Аса маңызды қарым-қатынастарды белсенді түрде дамытыңыз

Өз өміріңізге және жақындарыңыздың өміріне нағыз, шынайы қуаныш сыйлаңыз. Бұл жай ғана олардың өміріңізге қаншалықты маңызды екенін айтудан басталады. Айналаңызда көп адам жүру маңызды емес, бастысы сіз сене алатын, сіз сыйлайтын адамдардың болғаны. Және оларды қуанту үшін қолыңыздан келгенін жасаңыз.

28.Бақылауыңызда ұстай алатын заттарды бағалаңыз

Бәрін өзгерте алмайтыныңыз анық, дегенмен бірдеңені өзгертуге атсалыса аласыз. Қолыңыздан келмейтін дүниені өзгертуге уақыт, дарының мен күшіңді жұмсау – көңіл қалушылық, қайғыру мен белсенділіктің төмендеуіне әкелетін тікелей жол. Күш-қуатыңызды сіз бақылауда ұстай алатын дүниелерге арнаңыз және соларды түзеуге тырысыңыз.

29.Оң нәтиже шығарамын деп ойлаңыз

Бірдеңені іске асырарда, мұның іске асатынын миыңыз бен жан дүниеңіз сенуі керек. Теріс ойлар мен жағымсыз эмоциялардан арылудың үздік әдісі – оларға кереғар, одан да жарқын және мықты ойларға басымдық беру. Ішкі түйсігіңізді тыңдаңыз, теріс ойларды оң ойларға айналдырыңыз. Қандай жағдай болмасын, ойыңдағыңыз іске асқанын ғана ойлаңыз. Ал сосын алға қарай қадам жасаңыз.

30.Қалай болғанда да бай екеніңізді ойлаңыз

Генри Дэвид Торо былай деген екен: «Байлық – бұл өмірді соңына дейін сезе білу қасиеті». Қиын кезеңдерге тап болсаңыз да, бәрі жақсы болатынына сену керек. Сіздің таңертең киетін киіміңіз бар. Ішетін ауыз суыңыз бар. Оқи аласыз. Сіз аса бай адамсыз, сондықтан есіңізде болсын, қолыңызда бар дүниеге шүкір айта біліңіз. Ең үлкен байлық – қанағат.

Дереккөз: http://bilim-all.kz/