Ақтау туралы сіз естімеген қызықты 20 дерек

Ақтау – еліміздегі жалғыз портты аймақ.

Ақтау – кез-келген жерге 200 теңгемен жете алатын қала.

Ақтау – Қазақстандағы ең жас қала. Іргетасы 1963 жылы қаланған.

Ақтау – елімізге АҚҚУЛАР келетін жалғыз қала.

Ақтауға жақын жерде әлем бойынша ең ірі уран ұңғымасы орналасқан. Бүгін де ұңғыма өз жұмысын тоқтатқан.

Ақтау – тұңғыш рет өндірістік жылдам нейтронды атом электростанциясы салынған шаһар.

Ақтау қаласында «Caspian Riviera Grand Palace» атты қонақ үй бар. Ғимараттың 6 қабатында құшағына 890 000 литр су сиятын аквариум орналасқан. Бірегей аквариум әсем сәулетімен ерекшеленеді.

Ақтау – жаңа жылды қарсыз қарсы алатын қала.

Ақтауда тұщы судың табиғи қоры жоқ. Сол себепті өңір тұрғындары Каспийдің суын тұшытып ішеді.

Ақтау – еліміздегі көше атаулары жоқ жалғыз қала. Шаһар тек мөлтек аудандардан тұрады. Олардың саны 1-ден бастап 33-ке дейін жетеді.

Ақтау – әлем бойынша тұрғын үй кешенінің дәл төбесіне маяк орналасқан екінші қала.

Ақтау – тап-таза бетке жаңа жазылған жазудай Ленинград жобалау институтының бас жоспарымен жоспарланып, салынған шаһар.

Маңғышлақ үстіртінің шығыс жағында, шамамен Ақтау қаласынан 50 шақырым жерде, солтүстік-батыстан оңтүстік шығысқа қарай мұхит деңгейінен 132 метр тереңдікте әлемдегі ең терең ойпат  созылып жатыр. Ойпат Қарақия деп аталады.

Ақтау – Жауының өзі сескенген Досан мен Исаның туған жері.

Ақтау – нағыз жаңа жылды шынайы қарсы алатын қала.

Ақтау –14-наурызда көрісетін қала.

Ақтау – келіндерінің сәлемі үзілмеген қала.

Ақтау – әлемнің ең үлкен көлі Каспийдің жағасындағы керемет қала!

Ақтау – еліміз бойынша жалғыз теңіз-жаяу әскерлері бар қала.

Ақтау – теңіз астында орналасқан мейрамхана құрылысы (жоба құны 10 млн $) жоспарланған шаһар.