Бір миллион азаматтың қарызы коллекторлар қарауына берілді

Қазақстанда 1 миллиондай азаматтың қарызы коллекторлық компанияларға беріліпті. Олардың ішінде жұмыссыздар, жалғыз асыраушысынан айрылған немесе мүгедек болып қалғаннан кейін борышын өтей алмай жүргендер де болуы мүмкін. Осы жайттарды алға тартқан сенат депутаттары  Ұлттық банк төрағасын сұрақтың астына алды.

– Олардың саны 8179 екен. Мына анықтамада солай жазылыпты. Өздеріңіз жазыпсыздар. Бұл азаматтардың тіптен қарызын қайтаруға мүмкіншілігі жоқ деп жазыпсыздар. Мысалы Ұлттық банк 2 деңгейдегі банктерге ұзақ жылдар бойы көмектесіп келе жатырмыз ғой. Жаңағы 0,8 пайыз, ең жағдайы төмен азаматтарға Ұлттық банк, мемлекет тарапынан немесе үкімет тарапынан қандай көмектер көрсетіледі?, – дейді ҚР Парламенті Сенатының депутаты  ҚУАНЫШ АЙТАХАНОВ

– Өте күрделі сұрақ. На него нет простого ответа. Особенно в части тех заемщиков которые не имеют никаких средств по выплате долгов, – дейді ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев.

«31» арнаның хабарлауынша, Данияр Ақышевтың бұл мәселені  азаматтардың өздері өтініш жасаса ғана қарастыра аламыз дегенге келеді. Тек сол өтініштердің негізінде ғана тиісті банкке ұсыныс тастаймыз деді. Алайда, Ұлттық банк 2 деңгейлі банктерге қарызды кешір деп міндеттей алмайтынын алға тартты. Депутат қаржы ұйымдарына мемлекеттің көмегі деп Ұлттық қордан бөлінген 1 триллион теңгені меңзесе керек. Ал, 1 миллион борышкерден коллекторлар өндіріп алуы тиіс қарыз көлемі 1 жарым триллион теңгедей екен.