Ералы Тоғжанов Түпқараған ауданына жұмыс сапарымен барды
Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов кезекті жұмыс сапарымен Түпқараған ауданын аралады. Түбектің тыныс-тіршілігімен танысып, Баутин теңіз айлағында болды. Бірқатар әлеуметтік және өндірістік нысандарға барды.
Облыс әкімі сапар аясында алдымен «Кazakh osetr» ғылыми өндірістік кәсіпорнына аялдады. Маңғыстау облысында балық шаруашылығымен айналысатын бірегей фермада бекіренің 5 түрі өсіріледі. Ұсақ бекіре шабақтарын Атырау мен Алматы облысындағы зауыттан алады. Мұндағы 38 хауызда 8 тонна балық бар.
¤—Қорытпаның салмағы 5 кг жетті. Орыс бекіресінің салмағы 2 кг. 2015 жылдың қараша айынан бастап сатылымға шығарамыз. Балық өзінің негізіне қарап, жәй өсетін болғандықтан оның басқа түрлері келді. Бірақ барлығы бекіре тұқымдас балықтың түрлері, дейді «KAZAKH OSETR» ғылыми өндірістік мекемеcінің директоры Тұрсынгүл Жақыпова.
¤Бекіренің күтіміне 16 маман жауапты. Олар күніне 5 рет балықтың жемін беріп, суын ауыстырып тұрады.
-¤Ең бірінші судың тазалығына мән береміз. Су айналмалы жүйе бойынша жұмыс жасайды. Суын үш рет ауыстырып тұрамыз, дейді жұмысшы Серік Рай. ¤
Ералы Тоғжанов ауданның білім саласындағы жетістіктерін де назардан тыс қалдырған жоқ. Сапар аясында Ақшұқыр мектеп-лицейінің жұмысымен танысты. Іргесі 2014 жылы қаланған мектепте 1500-нан аса бала білім алады. Олардың көбісі республикалық, халықаралық олимпиадалардың жүлдегері.
-¤Республикалық олимпиадаға қатысып келдік. Қатысқан үш оқушының үшеуі де орын алып келді. Екеуі қол, біреуі алтын медальмен келді. Мұның барлығы мектептің арқасында, дейді 11 — сынып оқушысы Индира Латипова. ¤
Лицей шәкірттері оқумен қатар, спортта да, өнерде де зор табысқа қол жеткізген. Жуырда ғана 9 сыныптың 3 оқушысы Молдова республикасында өткен кикбоксинг жарысында чемпион атанып, көк туды көкке желбіретті.
¤¤Биік белестерді бағындырып жүрген лицей оқушыларына риза болған Ералы Тоғжанов 13 компьютер сыйға тартып, сәттілік тілеп, Маңғыстау облысындағы барлық мектептер ақшұқыр мектеп-лицейінен үлгі алуы керектігін айтты.
Сондай-ақ, білім ордасының жанынан 2016 жылы «Балапан» бағдарламасының аясында ашылған «Кәусар» мектепке дейінгі орталығының балғындары да өнерін көрсетіп, жұртшылықты тәнті етті.
¤¤Түпқарағанда бала туу көрсеткіші жоғары. Жыл сайын 170 бала дүниеге келеді. Аймақ басшысы осы орайда жас аналардың хал-жағдайын сұрап, дүниеге келгеніне 2 күн болған Әмірханның анасына сыйлық жасады.
¤¤Аудандық ауруханада 2016 жылы 52 ота жасалған. Жыл басында медициналық мекеменің материалдық базасын нығайту мақсатында видеоэндоскопиялық аппарат сатып алынған. Жалпы, ауданда 50 дәрігер, 145 мейірбике бар. Аймақ басшысы ақ халатты абзал жандардың біліктілігін арттыру мақсатында жиі шеберлік сабағын ұйымдастырып тұру керектігін айтты.
¤¤Форт-Шевченко қаласында әлеуметтің әлеуетін арттыруға үлес қосып жүрген бірқатар өндіріс орындары да бар. Солардың бірі, «Нкок» компаниясы. Облыс әкімі аталған мекемеге қарасты мұнай жайылымдарын жоюға арналған құрал-жабдықтарды сақтайтын қойманың қызметімен танысты. Мұнда шет елде білімін шыңдап келген білікті мамандар жұмыс жасайды.
-¤Егер теңізде төтенше жағдайда мұнай өнімдері төгілген кезде соларды теңіздің бетінен жинап алып, қоршаған ортаға зиянын тигізуді төмендетіп, сосын сол жиналған мұнай өнімдерін утилизация жасау. Мұндағы құрал-жабдықтар екінші деңгейдегі мұнай төгілімдеріне арналған. Бұл 250 тоннаға дейінгі төгілім, дейді«НКОК» компаниясының супервайзері Қуанышбек Теңелбаев.
Ералы Тоғжанов Түпқараған ауданында балық шаруашылығын дамыту керектігін де айтты.
— Каспий теңізінің айдынында қызмет ететін компаниялар қоршаған ортаны қорғау және экологиялық балансты сақтау үшін қауіпсіздік шараларын күшейтуі қажет. Итбалықтар мен балықтардың жойылу фактілері тіркелмеуі керек. Сондай-ақ, Түпқараған ауданының әкімдігі «НКОК» компаниясымен бірлесе отырып экологиялық туризмді дамытуы керек. Облыс әкімінің орынбасары Шолпан Илмұханбетоваға «НКОК» компаниясымен бірігіп мемлекеттік жеке-меншік әріптестігі арқылы балық шаруашылығын дамыту бойынша жоба жасақтауды тапсырамын, — деп атап өтті Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов.¤
Сапар аясында аймақ басшысы Баутин теңіз айлағындағы «Теңіз Сервис» диспетчерлік пунктінде болып, «Енка Иншаат Ве Санаи А.Ш.» компаниясының жұмысын көрді.
АУДАНДА ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС ҚАРҚЫНДЫ ДАМУДА
Бірқатар әлеуметтік және өндіріс орындарын аралаған соң, Ералы Тоғжанов Түпқараған ауданының активімен кездесті. Әлеуметтік-экономикалық дамуын бағамдап, болашаққа бағытын айқындады.
Ауданда шағын және орта бизнес қарқынды дамып отыр. 1600-дан аса кәсіпкер бар. Бұл — еңбекке жарамды халықтың 38 пайызы. Жиын барысында Түпқараған ауданының әкімі Темірбек Асауов аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын баяндады.
-¤Есепті кезеңде жалпы ауданы 44,3 мың шаршы метр тұрғын үй құрылысы жүргізіліп, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 12,2 пайызға жоғары. Аудан бойынша орташа айлық-жалақы көлемі 165 071 теңгені құрады, яғни алдыңғы жылмен салыстырғанда 1,4 есе артқан, дейді Түпқараған ауданының әкімі Темірбек Асауов. ¤
Ауданда бір емхана, бір орталық аурухана және төрт дәрігерлік амбулатория бар. Бірақ, маман тапшы. 6 дәрігер жетіспейді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшылығы бұл олқылықтың мамыр айында шешімін табатынын жеткізді.
¤Ералы Тоғжанов ауданға қарасты ауыл әкімдерінің жұмысына қатысты тұрғындар тарапынан сын айтылғандығын сөз етті. Сол үшін осы уақытқа дейін әрбір ауыл әкімі елдің әл-ауқатын көтеруде қандай жұмыс жасағанын білуді тапсырды.
¤¤Ауданда спортқа ден қойған жастар көп. Олардың көбі Ақтау қаласына келіп дайындалады. Осы орайда белсенді жастар аймақ басшысына спорттық кешен салғысы келетіндігін жеткізді. Облыс әкімі өз тарапынан мұндай бастамаға қолдау білдіретіндігін айтты.
-¤Осы жылға 2 объектіміз бар еді. Біріншісі мына Сайын Шапағатов ауылында. Ол жақтың жастары Ақтау қаласына қатынайды. Осы орайда бізге спорт кешенін салуды айтып еді. Біз соны мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салсақ деген жоспарымыз бар. Жоба дайын тұр, дейді белсенді жас Назарғали Мақсымұлы.
-¤Жарайсың. Осындай идеялары бар азаматтардың барлығын қабылдаймыз қолдаймыз, дейді Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов. ¤
Жиын соңында Ералы Тоғжанов Ақшұқыр ауылында салынатын 600 орынды мектептің жобалық-сметалық құжатын дайындауды тапсырып, Сайын Шапағатов елді мекенінде бой көтеріп жатқан білім ордасының құрылысын қадағалауды міндеттеді.
Содан, соң аймақ басшысы ¤¤170 жылдық тарихы мұражай кешеніне барды. Тарас Шевченко атындағы мемориалдық және Маңғыстау этнографиялық мұражайындағы құнды жәдігерлерді көрді. Өткен ғасырдан сыр шертетін бұйымдар көненің көзі. Аймақ басшысы құнды экспонаттарды ерекше күтімде ұстауды тапсырды.