Мұхаммед (с.а.у) Пайғамбарымыздың 107 хадисі
2.Қыздарды күйеуге беру жөнінде аналарымен ақылдасыңдар.
3.Монтаны, екі жүзділіктің белгісі үшеу: өтірік айту, уәдеде тұрмау, аманатқа қиянат жасау.
4.Шақырған жерге ғана бар.
5.Жәрдем немесе қайыр-садақа беруді ең әуелі өзіңнен баста. Артылғаның болса, отбасыңды жарылқа. Тағы бірдеңең артылып қалса, ағайын-туыстарыңа бер. Олардан да артылып жатса, басқаларға бер.
6.Адал деуге рұқсат етілген нәрселердің ішіндегі Алланың хош көрмейтіні – талақ (некелі әйелін тастау).
7.Адамдардың арасыңдағы Аллаға ең сүйкімсіздері – шектен тыс дұшпандық жасаушылар.
8.Дін бұзарлыққа берілген, дінді теріс пайдаланған адам – сол ниетінен әбден қайтып, арылмайынша, Алла оның тәубесін қабыл қылмайды.
9.Тағамды суытыңқырап ішіңіз, өте ыстық күйінде оның берекесі болмайды.
10.Қыздан туған бала да (жиен) сол қауымның туысы саналады.
11.Қара нәсілді адамдарды да дос тұтыңдар, өйткені олардың үш ұлық адамы: Лұқман* хәкім, Нахоший, Эфиопиялық азаншы Біләл пейіште болады.
12.Мінез-құлқыңның мінәйім, сыпайы болуын қалаймысың? Қаласаң, жетімдерге мейірімділік жаса, олардың басынан сипа, өзің ішетін тағамыңнан бөліс. Сонда ғана мінезің жұмсарып, мейірбан боласың.
13.Қой бағыңдар, өйткені береке сонда.
14.Өсекшілік дегеніміз – адамдар арасындағы жақсы қарым-қатынасты бұзу мақсатымен, бірінің сөзін екіншісіне жеткізуге құмарлық.
15.Арам нәрселерден сақтанғын – адамдардың арасындағы инабаттысы боласың. Алланың берген ризығына разы бол – басқалардан гөрі дәулеттірек өмір сүресің. Көршіңе жақсылық жаса – ұйқың тыныш болады. Өзің сүйген нәрсені өзгелерге де лайықты деп біл – сау-саламат жүресің.
16.Көп күлме. Көп күлсең, шын сөздің де қадірі кетеді.
17.Жақсылықтың үлкен-кішісі болмайды. Су сұрап келген адамға ашық қабақ танытып, шелегіне су құйып беріп, ізгілік жаса.
18.Кеуде керіп, қыр көрсетуден сақтан. (Тәкәппарлықпен ыштаныңды ұзын киюден сақтан). Алла тәкаппарларды жек көреді.
19.Егер біреу сені ғайбаттаса немесе жоқ айыптарды тағып, қорласа – сен сонда да оның бар айыпты бетіне басып, кінәлама, сонда күнәсі – оған, сауабы – саған болады. Ешкімді ғайбаттама!
20.Алладан қорқыңдар және перзенттеріңнің бәріне бірдей мейірбан болыңдар! (Оларға киім мен тамақты тең бөліңдер).
21.Екі түрлі адамға Алла қиямет күнінде рақым етпейді: туған-туыстарынан мүлде қол үзіп кеткендерге, жаман көршіге.
22.Екі кісі – бір кісіден жақсы, үш кісі – екі кісіден жақсы, төрт кісі – үш кісіден жақсы; көпшілікпен бірге болғандарды Алла тура жолға бастайды.
23.Орасан зор апатқа жолықтыратын жеті түрлі күнәдан сақтаныңдар:
– Тәңірге шек (шүбә) келтіру;
– Сиқырлықпен шұғылдану;
– Біреуді нақақ өлтіру;
– Өсімқорлық;
– Жетімнің ақысын жеу;
– Отанын қорғау жолындағы соғыстан қашу;
– Күйеуі бар, діндар, адал әйелдерді бұзылған, жеңіл мінезді деп қорлау.
24.Адамның айыбын бетіне басудан сақтанындар.
25. Арақтан, ішімдіктен сақтаныңдар, өйткені ол – барлық жамандықтың кілті.
26. Алла алдындағы ең жақсы сөз – шын сөз. ,
27. Алла алдындағы ең қолайлы соғыс – зұлым патшаға айтылған ақиқат.
28.Алла алдындағы пенделердің ең жақсысы – өз отының басына пайдасы тиетіндер.
29.Алла алдындағы үйлердің жақсысы – жетімдерді құрмет тұтатын үйлер.
30.Өзіңе ұнаған нәрселерді басқаларға да лайықты деп біл.
31.Досыңды соншалықты құлай сүйме, күндердің күнінде дұшпаның болып шығуы мүмкін. Дұшпаныңмен де қатты жауласпа, күндердің күнінде досыңа айналуы мүмкін.
32.Диқаншылықты кәсіп етіңдер, өйткені ол – берекелі іс. Диқаншылықты қорғайтын сақшыларды көбейтіңдер!
33.Киімдерің жарасымды болсын, ат-көліктеріңді жарамды ұстаңдар! Салақ, нашар адамдарға үлгі-өнеге көрсетіңдер!
34.Екі жағың мен екі аяғыңның ортасындағы мүшелерді күнәдан тый!
35.Өзімнен кейінгі қалатын үмбеттерім үшін үш нәрседен қорқамын:
-Нәпсіге беріліп, тура жолдан таю;
-Өзін-өзі жақсы көрушілікке, сезімқұмарлыққа беріліп кету;
-Ғылымға, білімге ие бола тұрып, білімсіздің ісімен айналысу.
36.Отан басына төнген бақытсыздықтан кейін де оның (отанның) достарымен байланысыңды үзбе, жалғастыра бер. Олармен байланысыңды үзсең, Алла абыройыңды тегеді.
37.Әмірдің сауға сұрауы – арамдығы. Қазының пара алуы – діннен шығуы.
38.Үмбеттерім үшін ең қатты алаңдайтын жайларым: қарын шығарып семіру; ұйқышылдық, жалқаулық және өзінің әлсіздігіне сенімді болу.
39.Кісінің аманатынан уақытында құтыл. Еңбегіңе (ақыңа) қиянат жасаған адамға – сен қиянат жасама.
40.Мүмкін болғанынша адамдарды қатал жазаламауға тырысыңдар. Бірақ қатал жазаны мүлде қолданбауға да болмайды.
41.Жау жағынан әлдекім өз жанына сауға тілеп келсе, оны өлтіруге болмайды.
42.Әлдебіреулеріңе қазылық тие қалса, ашу үстінде үкім шығармаңдар, арызданып келгендермен тең, бірдей қарым-қатынас жасаңдар.
43.Күтушің тамақты өз үйінен жасап әкелсе, оны өзіңмен бірге дастарқанға отырғыз. Егер бірге отырмаса, алдымен астан бір-екі асатып жібер.
44.Бір әулеттің сыйлы адамы болса, оны сендер де сыйлаңдар!
45.Хажылыққа келген адамды құрметтеңдер!
46.Кім-кімді дос тұтса, соған пейілін білдіріп қойсын.
47.Кімді Алла сүйсе, соған адамдардың ісін түсіріп қояды.
48.Раббым қашанда бір патшаға жақсылық жасағысы келсе, оған адал уәзір береді: ол ұмытқанын дер кезінде есіне салады, есіне алған кезде көмектеседі. Егер Раббым бір патшаға жамандық жасағысы келсе, оған жаман уәзір береді, ол патшаның ұмытқанын дер кезінде есіне салмайды, есіне алса да жәрдемдеспейді.
49.Ұйқыдан тұрған адам қолын үш рет жумайынша ыдысқа салмасын, өйткені ол қолымен қай жерлерін ұстағанын білмейді.
50.Бір әйелге үйлену ниетің бола қалса, алдымен оны бір көру теріс емес.
51.Намаз үстінде имам болуға тура келсе, намаздың қырағатын жеңіл оқы. Өйткені олардың ішінде жас балалар, қарттар, кемтарлар, аурулар және қажеттілік қысып тұрған адамдар болады. Ал өзің жеке отырғанда, қалағаныңша үзақ оқи бер.
52.Қашанда қиялыңда бірер күмәнді пікір пайда болса, оны тәрк етпе.
53.Егер күнә құпия жасалса, иесіне ғана зияны тиеді. Әшкере жасалса, бәріне тиеді.
54.Егер сөйлеп отырған адам жан-жағына қарағыштай берсе, бұл тек өзіне айтылған аманат.
55.Қайсы біріңізге Раббым бір кәсіп арқылы ризық бермек болса, сол кәсібіңнің өзі өзгермейінше тастама.
56.Сауабы тиетін іс істегенде қуан, күнә жасаған кезде ренжі, сен сонда ғана шын мұсылмансың.
57.Бірер кісіден: «Адамдар бұзылып кетті»,- деген сөзді естісең, біліп қой: сол адамның өзі бұзылған.
58.Көршілерің сені жақсы адам дейтін болса, жақсысың. Егер олар жаман дейтін болса, демек, жамансың.
59.Менен аңыз болып тараған бірер Хадисті естігендеріңде: ділдеріңе жақын, денелеріңе әсер ететін және ақылдарыңа сыйымды болса, демек, ол менің айтқан сөзім. Ал естіген Хадистерің бұған керісінше болса, демек, ол менің айтқан сөзім емес.
60.Бір жерде оба ауруы бар деп естісең, ол жаққа барма. Егер өздерің тұрған жерге оба ауруы тараса, ол жерден қашпаңдар.
61.Халықтың ішінен қырық кісі немесе одан да көбірек адам бір іс туралы куә болса, Алла олардың куәлігін қабыл етеді.
62.Бір момын екінші бір момынның басына тау құлатса, періштелер сол тауды қайтадан орнына қойғанша лағынет айтып тұрады.
63.Қашанда бір күнә жасап қойсаң, соны жуу үшін соңынан бір сауабы бар, қайырымды іс істе.
64.Қайсыңды болмасын ашу қыса бастаса, сабыр сақтауларың керек.
Адамға ашу түрегеп тұрған кезінде келсе, дереу отыра қалсын. Егер ашуы сонда да басылмаса, жатып алсын.
65.Қашанда діндарлар ортасын қаскөйлік дерті кеулесе, ағаштан қылыш жасап ал.
66.Патшаларың жақсы, байларың қайырымды, жұмыскерлерің ынтымақты бірлікшіл болса, сендер үшін жердің астынан – үсті абзал. Егер керісінше болса, жердің үстінен – асты абзал.
67.Егер үш кісі болсаң, екеуің үшінші адамға естіртпей, сыбырласпаңдар, өйткені бұл қылық оның ренішін оятады.
68.Кімде-кім өзінен байырақ немесе ақылдырақ адамды көріп қалса, дереу өзінен кедейірек әрі ақылсыздау адамдардың бар екенін есіне алсын.
69.Дүниеден өтіп кеткендердің тек жақсы жақтарын ғана еске алыңдар. Жаман жақтарына келгенде тілге тыйым салыңдар.
70.Адамдардың төрт түрін Алла жек көреді: ант ішкіш саудагерді, тәкаппар кембағалды, зинақор кәріні және залым патшаны.
71.Тісін жуып, тазалап жүретіндер – тазалыққа дағдыланғандар. Қайталап істелетін дағдылы істерді меңгеріңдер; өйткені мұндай істерді Раббым жақсы көреді.
72.Өлмей тұрып, даярлығыңды тексеріп қрй.
73.Адамдарға жақсылық жасау, туған-туысқандармен жақын байланыс жасап, хал-ахуал сұрасып тұру – сауабы; тиетін қайырлы істер. Залымдық және туыс-туғандардан қол үзіп кету – жазасы тез білінетін істер.
74.Барлық істе турашыл болып, адамдармен сыпайы қатынас жасаңдар.
75.Өзгеге кең пейілді болсаң, олар да саған пейілмен қарайды.
76.Тіпті сендерге мейіздей қап-қара эфиолиялық құл басшы болып сайланса да, оны тыңдаңдар, бойұсыныңдар.
77.Бұл дүниеде адамдарды қатты азаптайтындарды – Алла қияметте аямай жазалайды.
78.Барына шүкіршілік ететін адамдар – Аллаға да шүкіршілік жасайды.
79.Ақымақтан қашық жүр.
80.Бес түрлі қасиетке ие адамдардың пейішке баратынына кепілдік беремін:
-Мұраларын бөліскен кезде бір-біріне қиянат жасап, зұлымдыққа бармайтындар;
-Өзгелерді де өзіндей көріп, ынсап қылғандар; .
-Дұшпанға қарсы соғыста құрбан болғандар;
-Олжа бөліскенде қиянат жасамағандар;
-Залымдардан қорлық көріп, қаналушылардың ақысын өндіріп бергендер.
81.Адамдарға тағам жегізіп, шырындай тәтті сөз сөйлеңдер.
82.Аштарға ауқат беріңдер, аурулардың көңілін сұраңдар, қыжалат адамдарды қиыншылығынан құтқарыңдар.
83.Тіпті қытайдан болса да білім алуға ұмтыл, өйткені білім алуға әрекеттену – әрбір діндардың парызы.
84.Кәсіптің ең жақсысы – әркімнің өз қолымен істелген ісі және адал сауда.
85.Ұйықтаудан бұрын қақпаларды бекітіп, су және азық-түлік ыдыстарының бетін жауып, содан соң шамды сөндіру керек. Жабатын нәрсе табылмаса, ыдыстардың үстіне бір тал таза шөп тастаңдар.
86.Жақсылықты – қабағы ашық, жүзі жарқын адамдардан күтіңдер.
87.Кездескенде кім бұрын сәлем берсе, Аллаға сол адам бойұсынғыш.
88.Жерді атына қарап, адамды досына қарап тануға болады.
89.Ата тегіңді, туыс-туғандарыңды жақсы танып біл. Өйткені өзара қатынас жасауың үшін қажет болады. Егер қарым-қатынасың үзілсе, жақын туғаныңның да ешқандай пайдасы тимейді. Жырақ тұрғаныңмен бір-біріңмен тату қарым-қатынаста болсаң, алыстықтың зияны жоқ.
90.Әйелдің берекелісі – шығынға жұмсайтын қаржыны азырақ талап ететіні.
91.Адамдардың ішінде әйелге қарағанда әділірегі – оның ері. Ерлерге қарағанда әділірегі – оның анасы.
92.Бес нәрсені:
-Өлімнен бұрынғы тіршілігіңді;
-Аурудан бұрынғы саулығыңды;
-Тұтқындалудан бұрынғы еркін өміріңді;
-Кәріліктен бұрынғы жастық шағыңды;
-Кедейліктен бұрынғы бай, бардам кезіңді олжа деп есепте.
93.Бірің мен бірің сәлемдесіп жүріңдер, сонда ғана араларыңда мейірбан махаббат оянады.
94.Сәлемдесіп жүріңдер, адамдарға дәм татқызыңдар, Алла сүйген дос, туыс болыңдар.
96.Аллаға иман келтіргеннен кейінгі істің ең абзалы – адамдармен достасу.
97.Иманның абзалы – сабырлылық пен кеңпейілділік.
98.Садақаның абзалы – сау кезінде, сараңдық жасап өмір сүруден және кедейленуден қорқып жасалған садақа. Садақаны кешіктірмей беріңіздер. Жаның алқымға тығылғанда малымның мұншасы анаған, оншасы мынаған дегеніңнің пайдасы жоқ. Өйткені ол кезде сен айтпасаң да малың басқанікі болады.
-Садақаның абзалы – жетерлік байлығы болғанда берілген садақа. Төмендегі алушы құлдан жоғарыдағы беруші құл жақсы. Қайыр-садақаны өз айналаңа беруден баста.
-Садақаның абзалы – шөліркеген адамға су беру.
-Садақаның абзалы – діндар кісі ілім үйреніп, оны ақысыз-пұлсыз өз достарыңа да үйрету.
99.Діндарлардың абзалы – мінез-құлқы жақсылар.
100.Кім ақылды болса – сол бақытты.
101.Құран оқып, бата қылыңдар. Одан қашпаңдар. Бірақ оған терең мағына беремін деп, әсірелеп жібермеңдер. Осыны тіршілік етудің құралына айналдырып, дүние табудың көзі етпеу керек.
102.Байлардың үйіне азырақ барыңдар. Жиі бару – Алланың өздеріңе берген несібесін қадірлемегендік болады.
103.Ақталуға көп әуестенбе.
104.Абыройлы кісілердің қателік-кемшіліктерін кешіруге тырысыңдар.
105.Алланың маңдайға жазғандарының барлығын туысқа да, жатқа да өтпелі нәрсе деп біліңдер. Алла жолындағы ізгі істеріңді кінәлаушылардың кесірінен тоқтатып қойма.
106.Күнәнің үлкені – Аллаға шәк келтірушілік, нақақтан қан төгу, ата-анаға тіл тигізу, өтірік куә болу.
107.Бұл дүниеде қисынсыз көп сөйлеген адамның о дүниеде (қияметте) күнәсі көп болады.