Сайрамда елімізде жоқ іскер әйелдер клубы құрылды

 Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданында елімізде алғаш болып іскер әйелдердің «Сырғалым» көшбасшы қоғамдық қоры құрылды.

Бизнес бастағысы келген әйелдерге көмек көрсетіп, отбасылық тәрбие мәселелерін қолға алған клуб мүшелері ашылған аз уақыттың ішінде 20-дан астам әйел азаматына заңдық кеңестер мен психологиялық қолдау білдірген. Сонымен қатар, мәдени-көпшілік іс-шараларды ұйымдастыруға ұйытқы болып, ұрпақтар сабақтастығын жандандыруда.%d0%ba%d0%bb%d1%83%d0%b1-%d0%b6%d0%b5%d0%bd%d1%89%d0%b8%d0%bd-1 

Мәселен, іскер ханымдар «Әйелге сүйіспеншілікпен» атты акция ұйымдастырып, онда мүмкіндігі шектеулі және әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген әйел азаматтарына дастархан жайып сый-сияпат жасады және 30 анаға Астана қаласында өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін тамашалап қайту үшін билеттер тарту етті.

Бұл шараны тағдырдың тауқыметін тартқан нәзік жандыларға қуаныш, әйел бақытын сыйлау мақсатында ұйымдастырып отырмыз, дейді қоғамдық ұйым мүшелері.

«Сырғалым» көшбасшы қоғамдық қоры алға — ерлер мен әйелдердің күтілетін өмір сүру ұзақтығында гендерлік алшақтықтарды жою, отбасын жоспарлауды қоса алғанда, олардың денсаулығын қорғау үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету, қыз-келіншектер мен аналардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету, қоғамның рухани-адамгершілік құндылықтарын арттыру және өскелең ұрпақ тәрбиесін күшейту сынды міндеттерді қойып отыр.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Elana.kz