Қазақстан іздеуде жүрген адамдарды елге қайтаруды одан әрі жалғастыратын болады

Бас Прокурордың бірінші орынбасары Иоган Меркель:

Қылмысқа тосқауыл қою жөніндегі жұмыстарды жетілдіру аясында Мемлекет басшысы Бас прокуратураның алдына сот төрелігінен шет елде жасырынып жүрген іздеудегі ешбір адамның өз әрекеті үшін әділетті жазадан жалтармауы үшін барлық қажетті шараларды қабылдау міндетін қойған болатын.

Мысалы, бүгін Бас прокуратура қызметкерлері «Какаду» ЖШС-нің негізін қалаушы және директоры 45 жастағы Мирхат Әлімбетов Біріккен Араб Әмірліктерінен Астана қаласына экстрадициялады. Ол 2005-2008 ж.ж. аралығында «Қыпшақ» тұрғын үй кешенін салуда 400 миллион теңгедей (397 043 330) сомадағы салымшылардың ақшалай қаражатын, сондай-ақ Астана қаласы Құрылыс департаменті бөлген 400 миллионнан астам (434 541 991) теңге мөлшеріндегі мемлекеттік қаражатты иеленіп, жұмсағаны үшін іздеуде болған.

Әлімбетов қылмыстық жауапкершіліктен құтылу үшін  Біріккен Араб Әмірліктері аумағында жасырынды.

2012 жылы оның Дубайда екені белгілі болып, сол уақыттан бері оны Қазақстанға экстрадициялауға байланысты жұмыстар басталды.

Әмірліктерде экстрадиция рәсімі кейде ұзақ мерзімге созылады және соттың қарауы, шешім қабылдау және шағым жасауды қоса алғандағы бірнеше кезеңдерден өтеді.

Аталмыш рәсімнің ұзақтығына қарамастан, оны Қазақстанға экстрадициялауға қол жеткіздік.

Қазіргі кезде М.Т.Әлімбетов Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды. Астана Ішкі істер департаменті тергеу жұмыстарын әрі қарай жалғастырады.

Сотталған адамдарды одан әрі жазасын өтеу үшін беру туралы

Сотталған адамдарды өзі азаматы болып табылатын елге жазасын өтеу үшін беру мәселесін қарастыру Бас прокуратура құзіретіне жатады. Бұл ұлттық заңнамамен де, халықаралық шарттармен де анықталған.

Шет мемлекеттерде біздің сотталған азаматтардың құқықтарын қорғау үшін біз біріншіден халықаралық шарттарға қол қою жөніндегі жұмыстарды жүргіземіз.

Осы мәселе ТМД мемлекеттерімен 1998 жылғы 6 наурыздағы Бас бостандығынан айырылған сотталған адамдарды жазасын одан әрі өтеу туралы Конвенция шеңберінде шешіледі.

Соңғы жылдары аталмыш конвенциядан басқа Қазақстан Республикасы осы салада Түрікменстан, Украина, Әзербайжан, Испания, Түркия, Қытай, Италия, Мажарстан, Румыния және Үндістан елдерімен екіжақты келісімдерге қол қойды.

Екіжақты ынтымақтастықты дамытудан өзге Қазақстан 2015 жылғы 6 желтоқсанда Қылмыстық жауаптылықты шетелде өтеу туралы америкааралық конвенцияға қосылды.

Осы конвенцияға қосылу сотталған адамдарды беру туралы халықаралық ынтымақтастықты америкалық континенттің 20 мемлекетімен реттеуге мүмкіндік береді.

Сотталған адамдарды беру саласындағы халықаралық келісімдерге қол қою жөніндегі жұмыстар одан әрі жалғасатын болады.

***

Сотталған адамды берудің басты талабы, сотталғанның өзінің қалауы, сондықтан сотталғанды беру туралы сұраныс, сотталғанның беруге келісімімен не оның туысқандары, заңды өкілі және адвокатымен жүзеге астырылады.

Қазақстан Республикасының сотталған азаматы Бас прокуратураға елде жазасын өтеу үшін беру туралы өтініш жасаса, Бас прокуратура шетел мемлекеттен мәселені шешуге қажетті құжаттарды сұратады.

Олардың түскені мен қаралуынан кейін біз Қазақстанның аумағында шет мемлекет үкімін тану және орындау туралы тиісті кепілдер береміз.

Мұндай беру екі Тараптың құзыретті органдары беруге келіскен жағдайда ғана жүзеге асырылады.

 

Тек соңғы бес жыл ішінде Қазақстанға шетелде жазасын өтеп жүрген  біздің 158 азамат қайтарылды.

Тек қана Қытайдан сол мемлекетте ұзақ мерзімдерге бас бостандығынан айыру жазасына сотталған  біздің 11 азамат қайтарылды.

Тағы 10 адам жазасын өтеуде, оларды Қазақстанға аудару үшін біз жұмыс жасаудамыз.

Бұдан басқа, Қытайдағы қылмыстық процеске тартылған біздің тағы 13 азамат бар, олар бойынша қазіргі кезде соттар немесе тергеу органдары түпкілікті шешімді әлі қабылдамаған.

Бұл азаматтарға қатысты Қазақстанға беру бойынша жұмыс Қытайдың соттарымен түпкілікті шешімдер қабылдағаннан кейін басталады.

 

Бұл есірткі заттарының контрабандасы үшін өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына Гуанчжоу сотымен сотталған Ақжарқын Тұрлыбайға да қатысты.

Оның апелляциялық шағымы а.ж. 6 сәуірде Қытай сотымен қаралады және осыдан кейін ғана біз оны аудару мәселесін қарастыра аламыз.

 

***

2015 жылдың 6 желтоқсанынан Қазақстан Республикасы Америка Құрама Штаттары тәрізді Қылмыстық жазаны шетелде өтеу туралы
америкааралық конвенцияның (Манагуа қ., 1993 жылғы 9 маусым) қатысушысы болып табылады.

Осыған байланысты АҚШ-тың уәкілетті органының алдына Д.Қадырбаев пен А. Әбдіғаппараваны Қазақстанға беру (тапсыру) туралы мәселе (сотталғандардың жақын туыстарынан түскен өтініштері негізінде) қойылған.

Америка Құрама Штаттарының Массачусетс штатының Федералдық сотының 2015 жылғы маусымдағы шешімімен Диас Қадырбаев АҚШ Заңдары кодексінің 18-тарауының 371§ (Құрама Штаттарын алдауға немесе қарсы қылмыс жасауға бағытталған сөз байласу), 1519§ (федералдық тергеудегі жазбаларды жою мен фальсификация) бойынша кінәлі деп танылып, оған 72 ай мерзімінде түрмеге қамау және орташа ұстау объектісінде жазасын өтеу түрінде жаза тағайындалған. Осы шешіммен Қадырбаевқа 200 мың АҚШ доллары көлемінде айыппұл салынған.

Әсел Әбдіғапбарова кісі өлтіруге қатысқаны үшін Техас штатында 28 жылға түрмеге қамау түріндегі жазасын өтеуде. Қазіргі уақытта бұл ұысныстар америкалық тараптың қарауында жатыр және оның жауабы осы уақытқа дейін түскен жоқ.

Сонымен қатар Бостон терактісі бойынша сотталған Азамат Тажаяқов немесе оның туысқандары Қазақстанға ауыстыру жөнінде арызбен жүгінбеген. А.Тажаяқовты ауыстыру туралы сәйкесінше өтініш келіп түскенде бұл мәселе халықаралық және Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасына сәйкес қарастырылатын болады.

***

Шетел азаматтарын өз азаматы болып табылатын мемлекетке жазасын одан әрі өтеуге беру туралы мәселеге бөлек тоқталғым келіп тұр.

Соңғы 5 жылда біз 291 сотталған шетел азаматын бердік, оларды ұстау үшін жұмсалуы мүмкін 375 млн. теңгеден астам қазақстандық бюджет қаражаты үнемделді.

Қазірге таңда Қазақстанда 1 500-нан астам шетелдіктер өз жазасын өтеуде, оның 643-і Өзбекстан, 320-ы Қырғызстан азаматы.

Осы мемлекет азаматтарынан бізге оларды өз отандарына ауыстыру жөнінде өтініштер көп түседі. Алайда, өкінішке орай, бұл бізге ғана байланысты емес, ең алдымен, қабылдаушы тарапқа байланысты.

Шетелдіктердің барлық өтініштеріне біз шетелдегі әріптестерімізге өз елдеріне беруге дайын екендігімізді білдіретін хат жолдаймыз. Бірақ оң жауап алмаймыз.

Соңғы жылдары Қырғызстанға жазасын өтеп жатқан 318 адамнан тек 26 сотталған адам ғана берілді, ал Өзбекстанға бір де біреуі берілген жоқ.

  ҚР Бас Прокуратурасының баспасөз қызметі