АҚМОЛАНЫҢ ӘКІМІ АҚСАҚАЛДАРДАН АЛҒЫС АЛДЫ

Ақмола облысының әкімі С.Кулагиннің «2015 жылдың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2016 жылдың негізгі міндеттері туралы» халық алдындағы  есеп беру кездесуі Көкшетау мәдениет сарайында болды.  Есеп беру кездесуге Қазақстан Республикасының Әділет министрі Б.Имашев, Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Қ. Бәйімбетов, Сенат депутаты Ж.Ерғалиев, облыстық мәслихаттың хатшысы Д. Нұрмолдин қатысты. Кездесу өңірдегі жетістік атты көрме, есепті баяндама, әкімге сұрақ деген  үш кезеңмен аяқталды. Жылдағыдай баяндама соңынан жарыс сөзге шығып, баяндама оқу болған жоқ.

кулагинКездесу алдында қонақтар өңірдегі жетістіктер, іске асқан жобалар көрмесін тамашалады. Көрмедегі Целиноград ауданы Максимовка селосындағы «SAMHAT» аяқ киім фабрикасының,  Ереймен тау аудан ындағы «Жел энэргиясы», «Кірпіш зауыты»,Степногорскнің «Арыстан», «Подшипник» Қосшы ауылындағы «Сапа Су» серіктестігі темір-бетон өнімдерін шығаратын зауыттардың өнімдері көрермендер ықыласына бөленді.
Жиналған жұртқа әкім С.Кулагин:

-Сәлеметсіздерме, қадірменді қауым. Мен баяндама есебімді таныстыра кетейін деп,-  баяндамасын бастап кетті.   Әкім баяндамасында  Елбасының  «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму»  атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауы, « Ұлт жоспары – 100 нақты қадам»  бағдарламасы аясында және жалпы атқарылған жұмыстарға кеңінен тоқталды.   Халық алдындағы есеп болғандықтан, баяндаманың басын, халықтың ұсыныс пікірімен бастауды жөн көріпті.

-Өткен жылғы есеп беру кездесулерінде халықтан 780 ұсыныс түсті.  Ұсыныстың басым көпшілігі ауыз сумен қамтамасыз ету, жол салу мен жөндеу, әлеуметтік нысандардықалпына келтіріп, тұрғын үй-коммуналдық қызмет саласын жаңғырту және жер телімдері мәселесі болыпты. Бұл өтініштердің көбі орындалды, қалғаны орындалатын болады.Бұл жайында баяндама барысында толық айтылады деген, әкім негізігі сөзін сабақтады. Өткен жылғы аймақта өнім өндіру көлемі 102 пайызды құрап,1,2 триллион теңгеге жетті.  Бюджетке  200 миллиард тенге қаржы құйылып, кәсіпорныдарда 11 мыңнан астам жұмыс орны ашылды.

Өңірдің орташа айлық еңбек ақы мөлшері 5,  бюджетке түсетін қаржы көлемі 11 пайызға ұлғайды.Өнеркәсіп өнімінің көлемі 2015 жылы 313 миллиард теңгені құрап, нақты көлем индексі 106,9 пайызға жетті.  Бұл көрсеткіш республикада алдыңғы лекте.  Облысты, Астананы қолжетімді құрылыс материалдарымен қамтамасыз ету үшін Целиноградта темірбетон , Ерейментауда кірпіш, Егіндікөлде пескоблок, пеноблок, газоблок өндіретін жобалар жүзеге  асты. Ерейментауда елімізде алғашқы болып қуаттылығы 45 МВт жел электрстанциясы іске қосылды. 2015 жылы Жарқайың ауданында «Масальский ГОК» ЖШС қуаты 1 миллион тонна сұрыптық болат шығар атын  инвестициялық жоба бастау алды. 2016 жылы облыс инвестиция көлемі  73 миллиард теңгені құраған 14 жобаны жүзеге асыру үстінде.
Облыс индустриализация бағдарламасы бойынша 166 миллиард теңгені құрайтын 60 жоба жүзеге асырып, 6,2 мың адамды жұмысты етті. Өңірде 17 кәсіпорын экспортқа өнім шығарады.
Аймақтың аграрлық секторыда 5 мыңнан астам ауыл шаруашылығы құрылым бар. Облыс диқандары ауа райының қолайсыздығына бой алдырмай гектарынан 11,6 центнер өнім жинап, қамбаға  4,7 миллион тонна астық құйды.  Ақмола астығын 13 мемлекет тұтынады.

кулагин23 кулагин2
Азық-түлік белдеуін дамыту аясында Астана халқына108 мың тонна ет-сүт өнімдері жеткізіп, сүт — ет  өнімдерінің 45 -50 пайызын , ұн, жұмыртқа және картоппен толық қанымдадық. «Қол жетімді тұрғын үй» бағдарламасы мен 256 мың шаршы метр үй салу жоспарын 282 мыңға жеткізіп, 2406 отбасы баспаналы  болды. Бұл 2014 жылғыдан 105,3 пайыз артық.
Өңірді алаңдататын өзекті мәселе, тұрғындарды сапалы ауыз сумен қанымдау. 2015 жылы «Ақ бұлақ» бағдарламасына бойынша  3,5 млрд. теңге қаржы бөлініп , 6 елді мекеннің 14 мың тұрғынын таза ауыз сумен қанымдалды. Жалпы, облыс бойынша орталықтандырылған су жүйесімен қамту 82 пайызды құрайды.
Жұмыссыздық көрсеткіш 4,9 пайызды құрап, жастар арасындағы жұмыссыздық үш пайызға кеміді. Дағдарысқа  төтеп беру шеңберінде   90 мыңнан астам жұмыс орнын сақтаумен қатар қосымша 120 мың адамға жұмыс орнын сақтату үшін 5000 астам меморандумға қол қойылды және қойылады

Әлеуметтік маңызы зор — медициналық қызмет көрсетудің сапасы тікелей маманға байланысты.  Бүгінгі күні облысқа 339 дәрігер жетіспейді. Олқылықтың орнын толтыру үшін дәргер мамандығына грантпен 100 түлек оқытып жатырмыз.  Бұл игі істі жыл сайын дамытып кемінде 100-120 баланы  бағыттауды мақсат тұтамыз.

Өткен жылы тарихи мерекелер көп болды.  Соның бірі Ұлы Жеңістің 70 жылдығы және даңқты жерлестеріміз Кеңес Одағының Батыры, академик-жазушы Мәлік Ғабдуллин мен көрнекті қаламгер Ілияс Есенберлиннің туғанына 100 жыл толуын облыс жұртшылығы жоғары деңгейде мерекелеп, ескерткіштер орнаттық.

Облыс орталығында Науан Хазірет атындағы 1200 орындық орталық мешіттің ашылуы елеулі оқиға болды.

Өткен жылғы көктемгі су тасқынының зардап шеккен Целиноград ауданының Оразақ селосында 200 пәтерлік жаңа поселке салынып, Ағанас селосының тұрғындары түгел көшірілді. Ақкөл, Қосшы  ауылдарында  45 пәтерлік екі тұрғын үй салынды. Оған қоса, алты елді мекендегі 30 тұрғын үй жөнделді. Биылда облыстың 12 аймағында қар қалыпты мөлшерден 1,5-2,5 есе көп түсті. Тасқынға қарсы дайындық облыста басталыпта кетті. .Ұйқысыздық жайлаған  Калачи селосы мен Красногор поселкесіндегі тұрғындарды көшіру үшін 3 тұрғұн үй, Есіл қаласындағы 40 пәтерлік тұрғын үй қалпына жөнделіп 199 отбасы  қоныстанды. Бұл шаралар биылда жалғасады деп, өңірдегі құқықтық мәселердіде атап өтті.  Баяндамашы жемқорлық, заң бұзушылық, ақпарат құралдары  мәселесіне тоқталды. 2015 жылы  87 мемлекеттік қызметші  келеңсіздікке ұрыныпты.. Облыста 92 бұқаралық ақпарат құралы жұмыс істейді. Баспасөз бетінде ел Президентінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауы, одан туындайтын  өзекті мәселелер тіршіліктің саналуан қыры  көрсеткен 17 мыңнан астам материалдар баспа сөз бетінде жарияланыпты. Әкім баспа сөз өкілдеріне қаратып,соңғы кезде, жалған , қисынсыз материалдардың жарияланып жүргеніне алаңдаушылық білдіріп, айтылған немесе жазылған әр сөздің жауабы бар екендігін ұмытпауды еске салды.
Сөзін түйіндеген,  әкім есеп беру кездесуіне жиналған жұртшылықты Елбасы қойып отырған асқаралы міндеттер үдесінен шығу жолында аянбай еңбек етуге шақырды
Өңір басшысы есеп беру кездесуіне қатысып отырған жұртшылық тарапынан қойылған көптеген сұрақтарға жауап берді. Әкім С. Кулагиннің ел есінде, тарихта қаларлық іс атқарғанын  ардагер ағалар бағалап, алғыс айтты. Бұл, әкімді мақтау, оған жағыну емес, шынайы сөзі еді, ағалардың.

кулагин234Тельман Мұқышев, Білім саласының ардагері, облыстық « Ел Бірлігі» қоғамдық бірлестігінің төр алқа мүшесі:

-Көкшетаудың байырғы тұрғыны ретінде мынаны айтқым келді. Талай әкімдерді көрдік. Істеген іс жақсы болса, жадыңда қалады. Іс тындырмаса, артында із қалмайды. Сіз Ақмола облыс орнағанда алғашқы әкім болып келдіңіз. Сіз Қазақ театрына жайлы ғимрат жөндетіп бердіңіз. Ұлы хан Абылайға ескерткіш орнаттыңыз. Кеше ғана, пайдаға берілген мешіттеде сіздің қол таңбаңыз қалды.Әр қызметтің өз орны бар. Ал, мен айтқан қызметтің орны ерекше. Кеңестік жүйенің қырсығынан,  арта қалған қазақтың рухына үлкен серпіліс жасадыңыз.  Басқа жасаған істеріңізді термелей беру артық болар. Мен барша Көкшелік ақсақалдар атынан алғыс айтамын.

Дахан Шөкшир