Құрметті Сәуле Мешітбайқызы!

 Ең алдымен, оқырман қауымға жол тартқан «ЕлАна» сайтының ақпарат айдынына шығуымен құттықтаймын!

Халқымызда «Ана бір қолымен баланы,бір қолымен әлемді тербетеді» дейтін нақыл сөз бар. Ең бастысы,Сіз, замандастарыңызға, жүрген ортаңызға мейірімділік, қарапайымдылық пен біліктіліктің, адалдықтың зор үлгісін көрсете білдіңіз. Өсіп-өнген үлкен отбасының ұйытқысы, ақылшысы атанып, ұл-қыздарыңызды өсіріп, немерелер,шөбере сүйдіңіз.Сіздің жүріп өткен өмір-жолыңыз үлгі-өнеге, айтқан ақыл-кеңестеріңіз ,насихаттарыңыз баршамызға ғибрат. Ел ортасына жиі шығып, шалғай жатқан жерлердегі халықтың тыныс-тірлігімен таныса жүріп, түйткілдерінің нәтижелі шешілуіне жол тауып, өсіп келе жатқан жас буынға-бізге үлгі болып жүрсіз. Жасыңызға қарамай ауқымды істерді қолға алып, Елбасының саясатын халық арасында ,ақпарат бетіде насихаттай жүріп билік пен халықтың арасына жол салып қайсарлықпен еңбектеніп жүргеніңіз жастарға өнеге.

Алла Сізге қуат берсін, отбасыңызға береке мен бірлік тілеймін! Бастаған тірлігіңізге абырой мен сәттіліктер жолдас болсын!

Мемлекетіміз дамудың даңғыл жолынан таймай, толағай табыстарға кенеле беруіне үлес қоса беріңіз!

Құрметпен,

Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы

ақпараттық саясат және бақ мониторингі            

бөлімінің бас маманы                                                         Сырымбек Төлеуұлы