Жер-жиһан жаңалықтары
Ресей: Мұнай Қытайға Моңғолия арқылы тасымалданады
Бұл жайлы Сочиде өткен халықаралық теміржол тасымалын реттеу жөніндегі жиында мәлім болды. KAZNEWS мәліметіне сүйенсек, аталмыш жиында, Ресейден ҚХР-ға Моңғолия территориясы арқылы тасымалданатын мұнай өнімі транзитінің көлемі 4.1 млн тонна деп белгіленді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2.5 есеге артық. Сондай-ақ, биыл Ресейден ҚХР-ға Моңғолия территориясы арқылы тасымалданатын шикі мұнай 2.5 млн тоннаны құрайтын болады. Ал бұдан Ұланбатыр темір жолы АҚ 50 млн. АҚШ доллары көлемінде пайда таппақ.
Түркия: Анкара жаңа танк шығармақ
«Anadolu» агенттігі: «Түркияның қорғаныс саласындағы ең ірі «Otokar» компаниясы танктің «Altay» атты ең жаңа түрін шығаруға дайын екенін мәлімдеді. Бұл Түркияда аталған өндіріс типіндегі ең алғашқы сериялық соғыс машинасы болмақ»,— деп хабарлайды. «Otokar» компаниясы басқарма кеңесінің төрағасы Әли Коч: «Түркиямен одақтас елдердің тарапынан бұл жобаға қызығушылық бар. Altay танкін дайындау жұмыстары 2007 жылдан бері оңтүстіккореялық «Hyundai Rotem» компаниясымен бірге жүргізіліп келеді. 2011 жылы соғыс машинасының бірінші үлгісі ұсынылған. Altay тұжырымдамасының негізіне оңтүстіккореялық «K-2 Black Panther» танкінде қолданылған технологиялар салынды. Түркия жалпы алғанда бұл типтегі 100 ауыр танкті сатып алуды жоспарлап отыр.Altay-дың алдағы болашақта жақсы экспорттық әлеуетке ие бола алатынына сенімім зор»,— деген пікірде.
Қытай: Түйе шаруашылығына зор мән берілуде
Қытайдың Бурылтоғай ауданында 300-ден астам түйе бағудың мамандары аталған түлік шаруашылығын дамыту жөнінде ой бөлісті. Бүгіндері мұнда түйе шаруашылығы қарқынды дамып келеді. 2007 жылы Бурылтоғай ауданы «Шинжияң Уаңиюан шүбат шекті серіктігі» құрылды. 2014 жылы тамыз айында ол «Шинжияң Уаңиюан биологиялық ғылым-техника тобы серіктестігі» болып құрылып, қытай көлеміндегі бірден-бір дербес білім меншік құқығы бар зерттеу кәсіпорнына айналды. Аталған серіктестік мемлекет жағынан бес патент құқығын алса, 28 патент құқығы бекітілу үстінде. Кәсіпорын сұйылтылған сүт, түйе сүті парашогы, сүт парашогы ашытқысы, түйе сүті актив таблеткасы сияқты төрт желілес саладағы 20-дан астам өнімдерді шығарады. Кәсіпорынның өнім шығару қуаты 20 тонна.. Қазірге дейін бүкіл аудандағы түйе бағушылардың саны әуелгі 200-ден 1850 отбасына көбейді. Төрт жерден түйе бағу кооперативі құрылып, түйе түлігінің саны 19 мыңға артты. Мұның ішінде інген саны 10 мың басты құрайды. Түйе шаруашылғының ауданда бұлайша қарқын алуы көршілес 10 аудан мен қала, әскери орындардың түйе шаруашылығын дамытуына дем берді. Түйешілердің жан басындық кірісі артып, түйе шаруашылығы Алтай аймағының шекара ауданыдағы халықты ауқаттандырудың тіректі кәсібіне айналды.
Дайындаған Ермек Сахариев