Ақтаулық оқушылар комикстер жинағын шығарды

 

Ақтау қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Академиялық сурет» үйірмесінің оқушылары «Project 47» комикстер жинағының тұсауын кесті. Олар оқушыларға комикстердің жасалу мақсатын түсіндіріп, жинақтың бірінші және екінші сандарын  көпшілікке ұсынды. img_0366

Зияткерлік мектебінде 9 сынып оқушылары 2016 жылдың қарашасынан бері «Академиялық сурет» үйірмесіне қатысады. Олар сабақтан тыс уақытта сурет салып, шығармашылық қабілеттерін дамытады. Үйірме жұмыстарының барысында  оқушыларға өз қолдарымен комикс жасау идеясы туындаған.img_0405

Үйірмеге келген уақытта біздер достарымыздың комикстерге қызығатындығын, оның сюжеттерін тақылайтындығын байқайтынбыз. Кейін неге өзіміз сол комикстерді салып көрмеске деген ой келді. Сосын комикс сюжетін ойлап шығардық. Ал, Диана Ақуал есімді талантты суретшіміз оны қағазға түсірді. Нәтижесінде біз сюжетті комикс құрастырдық. Ал, жетекшіміз, Азамат Төкенұлы мен Даяна Булатбекова, Амина Ален есімді достарымыз оны компьютерде салуға көмектесті, — дейді «Project 47» жобасының авторларының бірі Алибек Жанаев.

Үйірме жетекшісі Азамат Туйтиннің айтуынша, ол үйірмеге келушілердің  белсенділігі мен қызығушылығы осыншалық  жоғары болады деп ойламаған. Үйірме жетекшісі оқушылардың мазмұнды да сыни ойлануға жетелейтін  жобасын қолдайтындығын айтады.img_0354

Комиксте зияткерлік мектеп оқушыларының өмірі иллюстрациялармен баяндалған. Олардың ұстаз, куратор, психологтармен, достары, сыныптастарының ара қатынасы әр түрлі суреттермен бейнеленген. Әзірге орыс тілінде шығардық. Біз комикске достарымызбен сыныптастарымыздың алғашқы әсерін анықтап алуға тырысып жатырмыз. Көпшілігіне ұнап жатыр. Алдағы уақытта комикстерді қазақ тілінде де шығарғымыз келеді, — дейді жоба жетекшісі.

Жоба авторлары  сурет салу қабілетін жақсартып қана қоймай, кәсіпкерлік негіздерін үйрену мақсатында комикстерді сатылымға шығармақ. Түскен қаражат журналдың келесі номерлерін шығаруға жұмсалады  деп жоспарланып отыр.

 

Айман Оңғарбайқызы