ОҚО әкімі Жизақ облысының әкімі бастаған делегациямен кездесті

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Өзбекстан Республикасы Жизақ облысының әкімі Улугбек Узаков бастаған делегациямен кездесті.

Жизақ облысының іскер топтарының өкілдері мен ҚР Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ерік Өтембаев пен Өзбекстан мемлекетінің Қазақстандағы Елшісі Икрам Назаров қатысқан басқосуда екі ел арасындағы ынтымақтастық жайы сөз болды.

index111

Өз кезегінде облыс басшысы екі аймақтың ортақ ұқсастығы мен әлеуеті зор екенін атап өтіп,  көрші елге тауар экспортының көлемін арттыру қажеттігін айтты.

Мұнан бөлек, кездесуде тараптар өңіраралық сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастарды нығайтуға бағытталған өзара тиімді екіжақты дамыту мәселелерін талқылады.

Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы өзара тауар айналым өткен жылы 532 млн. АҚШ долларына жеткен. Оның ішінде  194 млн. АҚШ доллары импорт болса,  338 млн. АҚШ долларын экспорт құраған.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

 Сүретті түсірген Самат Мырзалиев.

Elana.kz