Қ.Тоқаев Түркі академиясының басшысын қабылдады
АСТАНА. ҚазАқпарат — Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәліні қабылдады.
Ол жоғарғы Палатаның басшысын наурыздың соңында БҰҰ штаб-пәтерінде болған «Жібек жолының бойындағы синергия және БҰҰ 2030 Күн тәртібі» халықаралық симпозиумы туралы хабардар етті.
Жоғарғы деңгейдегі форум алғаш рет ұлы Жібек жолының аясындағы жан-жақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады және БҰҰ-ға мүше мемлекеттерге тиісті ұсынымдар әзірледі.
Қ.Тоқаев Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған Түркі академиясының бұдан былайғы табысты қызметіне тілектестігін білдірді