Ақтауға Халықаралық Қаржы институттарының өкілдері келді

ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРЛАР МАҢҒЫСТАУЛЫҚ  ЖОБАЛАРҒА ҚАРЖЫ ҚҰЯДЫ

АҚТАУДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ИНСТИТУТТАРЫНЫҢ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ДАМУ МҮМКІНДІКТЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Маңғыстау облысында су тұщыту және электр қуатын үнемдеу бойынша бірегей жобалар жүзеге асырылмақ. Көліктік-логистикалық және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы салалары да қарқынды дамиды. Ақтауда өткен арнайы жиында халықаралық қаржы институттарының өкілдері осы мәселелерге мүдделілік танытты. Жиынға Маңғыстау облысының әкімі Е. Тоғжанов, Қазақстандағы ДБ-нің тұрақты өкілі Ато Браун, ДБ өкілі И.Галимова, АДБ өкілдігінің басшысы Д.Капанелли, Орталық және Батыс Азия АДБ-нің бас директорының аға кеңесшісі В.Лиепах, ЕҚДБ инфрақұрылым департаментінің жетекші банкирі Б.Файзиев, Фин Бизнес хабының басшысы М.Манкеев, ҚР-дағы БҰҰДБ энергиялық тиімділік бойынша жобалардың үйлестірушісі А.Белый, «Қазақстан – 2050» Қоғамдық қозғалыс кеңесінің мүшесі А.Махамбет қатысты.

Өңірдегі өзекті мәселенің бірі — ауыз су. Халықтың өсімі мен облыстың даму қарқынын ескерсек, 2020 жылға дейін қажеттілік тәулігіне 70 мың текше метрге жетеді деген есеп бар. Қазір сумен қамтып отырған жалғыз комбинаттың қуаты жетпей, тапшылық туындауы мүмкін. Сондықтан, шетелдік инвесторлар ұсынып отырған теңіз суын тұщыту жобасы аса маңызды.

-Ең алдымен, Құрық портына қатысты. Онда тәулігіне 45 мың текше  метрге дейін су тұщытуды жоспарлап отырмыз. Кендірлі бойынша қосымша 45 мың текше метр жоспар бар. Сондай-ақ, Ақтауда биыл 30 мың текше метрлік көлемді көздеп отырмыз. Келесі жылы оны 40-қа жеткізу көзделіп отыр. Бұл күрделі жобалар арқылы өзге салаларды, соның ішінде ауыл шаруашылығы саласын дамытуға мол мүмкіндіктер туады деген ойдамыз.  Облыста сумен қамту мәселесі ерекше көңіл бөлуді және шұғыл шешім табуды қажет етеді. Жыл сайынғы халықтың өсімі (шамамен жылына 20 мың адам, яғни 4 %), индустриалдық, инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалардың белсенді жүзеге асырылуы жылдан жылға тапшылықтың ұлғаюына алып келуде және болжамдық есептеулер бойынша, аймақтың даму қарқынын ескере отырып, 2020 жылға дейін тәулігіне ол 70 мың кубқа жетеді. Біз үшін су тапшылығын жабу шараларының бірі тұщы суды өндіру көлемін ұлғайту болып табылады. Теңіз суын тұщыту бойынша шетелдік инвесторлардың нақты ұсыныстары мен жобаларының мерзімдері қазірдің өзінде бар, — деді Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов.%d0%bc%d0%b0%d2%a3%d2%93%d1%8b%d1%81%d1%82%d0%b0%d1%83-%d0%be%d0%b1%d0%bb%d1%8b%d1%81%d1%8b%d0%bd%d1%8b%d2%a3-%d3%99%d0%ba%d1%96%d0%bc%d1%96-%d0%b5%d1%80%d0%b0%d0%bb%d1%8b-%d1%82%d0%be%d2%93%d0%b6

Су ғана емес, қажеттілік электр қуатына да артып отыр. Энергияны үнемдеу бағытында арнайы жобалар қолға алынған. Су, жылу және жарықпен қамтуда тиімділікті арттыру үшін. Бірқатар мектептер мен тұрғын үйлерде лайықты технологиялар орнатылғаны арқасында 30-40 пайыз үнемдеуге қол жеткізілді. Осылайша, тұтынушы қаржысын есеппен жұмсады, қоршаған ортаға да пайдасын тигізді.%d0%ba%d0%b5%d0%b7%d0%b4%d0%b5%d1%81%d1%83%d0%b3%d0%b5-%d2%9b%d0%b0%d1%82%d1%8b%d1%81%d1%83%d1%88%d1%8b%d0%bb%d0%b0%d1%80

-Бұл жобалардың пайдалылығы айқын. Бір жағынан, коммуналдық қызметтер төлемақысы азаяды, екінші жағынан облыстағы энергетикалық кешенге келтірер пайдасы зор. Өйткені, су мен электер
қуатына деген тапшылықты болдырмауға септігін тигізеді. Ресурстар көпшілікке жеткілікті болмақ. Тек, тұрақты қаржыландыру қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл мақсатқа біз қазір өзіндік құнын ақтап алу мерзімін 3-4 жылға дейін төмендетуге жағдай жасау арқылы шағын және орта бизнесті тартуды көздеп отырмыз, дейді ҚР БҰҰДБ энергиялық тиімділік бойынша жобалардың үйлестірушісі Александр Белый.%d2%9b%d1%80-%d0%b1%d2%b1%d2%b1%d0%b4%d0%b1-%d1%8d%d0%bd%d0%b5%d1%80%d0%b3%d0%b8%d1%8f%d0%bb%d1%8b%d2%9b-%d1%82%d0%b8%d1%96%d0%bc%d0%b4%d1%96%d0%bb%d1%96%d0%ba-%d0%b1%d0%be%d0%b9%d1%8b%d0%bd%d1%88

Дөңгелек үстел шеңберінде Маңғыстау облысының өндірістік алаңдарына бару ұйымдастырылды. Онда қонақтар аймақтың инвестициялық мүмкіндіктерімен танысты.

-Бұл кездесу – біздің серіктестігімізді белсенді дамытуға ұмтылудың айғағы. Және бұл халықаралық институттар мен инвесторлардың біздің елімізге деген қызығушылығының айқын нәтижесі. Бұл біз үшін, даму институттары, мемлекет пен аймақтың іскер топтары арасында тығыз тәжірибе алмасуға және тікелей байланыс орнатуға ықпал ететін аса маңызды шара болып табылады. Осы кездесу біздің шетелдік серіктестерімізге аймақтың инвестициялық мүмкіндіктерін толыққанды ашуға жағдай туғызатына сенімдімін,- деді Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов.

Облыста шағын және орта бизнеспен айналысатын 30 мыңнан астам кәсіпкер бар. Бұл көрсеткіш әлі де еселене түсуі мүмкін. Себебі, өңірге келген инвесторлар осы бағытта қолдау көрсететіндіктерін айтады.

-Біздер мына шағын және орта бизнеспен бірігіп қандай жобаларды жүзеге асыруды қарап жүрміз. Біздің мандатымыз 5 млн-ға дейінгі жобалар. Финдік технологияларды алып келіп, облысқа арналған тауарларды шығаруға дайынбыз, дейді «Фин бизнес хаб» компаниясының директоры Мұхтар Манкеев.%d1%84%d0%b8%d0%bd-%d0%b1%d0%b8%d0%b7%d0%bd%d0%b5%d1%81-%d1%85%d0%b0%d0%b1-%d0%ba%d0%be%d0%bc%d0%bf%d0%b0%d0%bd%d0%b8%d1%8f%d1%81%d1%8b%d0%bd%d1%8b%d2%a3-%d0%b4%d0%b8%d1%80%d0%b5%d0%ba%d1%82%d0%be

-Бізді инфрақұрылым жобаларының барлығы қызықтырады. Біздің банк Ақтауда су тұшыту бағытын қаржыландыруда. Жуырда «Каспий су жылу арнасы» мекемесімен байланысты арттырамыз деген үміттемін. Қазіргі таңда келіссөздер жүргізілуде. Егер басқа да жобалар болса, оларға да көңіл бөліп қаржыландыруға тырысамыз, дейді ЕҚДБ инфрақұрылым департаментінің жетекші банкирі Бахтиер Файзиев.

Аймақты дамытудың басым бағыттының бірі — көліктік-логистикалық сала. Халықаралық қаржы институттарының өкілдері бұл ретте де мүдделілік танытып отыр.

-Дүниежүзілік банк жолға қатысты жобаларға 3 млрд. теңгеге дейін қолдау көрсетеді. Егер нақты келісімдер орнатылса, біз жұмыс істеуге дайынбыз, дейді Қазақстандағы ДБ тұрақты өкілі Ато Браун.

Өңдеуші секторды, экспорттық әлеуетті дамытуға және аймаққа инвестицияларды кеңінен тартуға ерекше көңіл бөлу көзделуде. «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағына бірқатар артықшылықтар мен жеңілдіктер қарастырылған. Ағымдағы жылдан бастап, қажет инфрақұрылыммен толық қамтамасыз етілген Индустриалдық аймақ құрылды. Жалпы сомасы шамамен 500 млрд. теңгені құрайтын индустриалды аймақтың Картасы жобалары және «Нұрлы жол» бағдарламасының инфрақұрылымдық жобалары жүзеге асырылуда. Осыған қажет барлық инфрақұрылымдар бар.

Аймақтың инвестициялық саясатының басты міндеті — капиталдық салымдарды қаржыландыруға бюджеттен тыс қаржы көздерін кеңейтуге қолайлы орта қалыптастыру және жеке отандық, шетел инвестицияларын тарттыру. Сонымен қатар, тиімді инвестициялық жобаларды мемлекеттік қолдау болып табылады.

Айман Оңғарбайқызы