Оңтүстіктегі «Ырыс» микроқаржы ұйымы жыл басынан бері 1000-ға жуық жобаны қаржыландырды
Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Ырыс» микроқаржы ұйымы осы жылдың басынан жалпы соммасы 2 794, 8 млн. теңгені құрайтын 996 жобаны қаржыландырған.
Соның ішінде: 2 273,1 млн. теңгені құрайтын 779 жоба мал шаруашылығына тиесілі болса, көктемгі егін егу-жинау жұмыстарын ұйымдастыру үшін 319, 1 млн. теңгені құрайтын 150 жобаға қолдау көрсетілді. Жылыжайды кеңейту және құрылысын салу да «Ырыс» микроқаржы ұйымының жоспарлы қаржыландырылуына еніп, бұл саладағы 36 жобаға 130,7 млн. теңге көлемінде несие берілді.
Ал құс шаруашылығын дамыту бойынша жалпы сомасы 29, 3 млн. теңгеге 4 жоба қолдау тапты. Сонымен қатар, ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеуді ұйымдастыруға 5 млн. теңге несие бөлінсе, нан – тоқаш өнімдерін шығару үшін 2 жоба мақұлданып, 16 млн. теңге қаражат бөлінді.
Сондай-ақ, «Ырыс» микроқаржы ұйымы өндірістік қызмет үшін 12 млн. теңге қаржы берсе, сауда және қызмет көрсету саласы үшін 4 ,5 млн. теңге қаржы бөлді. Ал, балабақша ашу үшін 1 жоба мақұлданып, жоба иесіне 5 млн. теңге көлемінде несие берілді.
ОҚО әкімінің баспасөз қызметі