Баласына қол көтерген ата-ана жазалануы мүмкін.

Қазақстанда балаларына қатыгездік танытқан ата-аналардың жазасын қатаңдату ұсынылды. Мұндай ұсынысты Парламенттің төменгі палатасының депутаты Әбдіманап Бектұрғанов айтты. Депутаттың балаларға зорлық-зомбылық көрсету мәселесі жайындағы сауалы премьер-министрге жолданды. «Интернетте адамдардың кішкентай балаларды мектептерде, балабақшаларда, отбасында және қоғамдық жерлерде ұрып-соғып жатқаны түсірілген видеожазбалар жарияланып жатыр. Осыдан балаларға қысым көрсетіліп жатады. Осындай жағымсыз насихаттаудың салдарынан соңғы кездері ересектердің балаларға зорлық-зомбылық көрсету жағдайлары көбейіп барады. 11 жастағы Өркен Азаматұлының өз өгей шешесінің қолынан қаза болғанын ойласақ, барлығымыз қорқып кетеміз», — деді Әбдіманап Бектұрғанов. Осылайша, депутат осы мәселеге қатысты бірнеше ұсыныс айтты. «Қазіргі заңнамада әйелдерге көрсетілген зорлық-зомбылық жасағандардың жауапкершілік тартылатыны көрсетілген. Бірақ, онда балаларға жасалған зорлыққа қатысты жауапкершілік мәселесі толықтай қарастырылмаған. Осыған байланысты ата-аналардың жауапкершілігін қатаңдату мәселесін қарау керек деп ойлаймын», — деді депутат. Депутаттың айтуынша, мұғалімдер, сынып жетекшілер, психологтар және құқық қорғау органдарының өкілдері сабақ уақытынан тыс жерде ата-анасының қарауынсыз қалған балаларды қарап жүруі кере

 

Дереккөз: Islam.kz