«Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» туралы не білеміз?

Құрылу тарихы

 «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамы  2013 жылғы 15-қаңтарда Қазақстан Республикасының № 11 қаулысымен құрылған болатын.

«Астан ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы Акционерлік қоғамы қызметінің мәні ретінде ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу белгіленді.

«Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы Акционерлік қоғамын құрудың алдында үлкен ұйымдастыру жұмысы, тапсырыс беру кампаниясы жүзеге асырылып, Астана  ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандарылған көрмені ұйымдастыруға құқық беретін байқауға қатысты.

Мақсаттары

«Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамы қызметінің негізгі мақсаттары:

  1. ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандарылған көрмені дайындау және өткізу;
  2. Халықаралық мамандарылған көрме аяқталған соң ЭКСПО-2017 нысандарын пайдалану.

Қызмет түрлері

  • 1) Астана қаласында ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру және өткізу;2) ЭКСПО-2017 көрмесінің «Болашақ энергиясы» тақырыбын дамыту және ілгерілету;

    3) Астана қаласында ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру және өткізу мәселелерін қарастыратын тіркеу досьесінің мазмұндық бөлігін іске асыру;

    4) ЭКСПО-2017 көрмесін ұйымдастыру және өткізу шеңберінде Қоғамның әріптесінің брендін ілгерілетуге және көпшілікке кеңінен танытуға қатысу және/немесе қызметтер көрсету;

    5) ЭКСПО-2017 көрмесіне келушілер мен қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

    6) ЭКСПО-2017 көрмесінің аумағында орналасқан нысандардың құрылысын қаржыландыру;

    7) ЭКСПО-2017 көрмесінің инфрақұрылымы мен нысандарын жобалау және олардың құрылысының салынуын қамтамасыз ету;

    8) ЭКСПО-2017 көрмесі нысандарының құрылысына инвестициялар тарту;

    9) ЭКСПО-2017 көрмесін ұйымдастыру және өткізу мақсаттарында мейрамханаларымен қоса қонақ үй қызметтерін ұсыну;

    10) меншікті жылжымайтын мүлікті жалдау және пайдалану;

    11) ЭКСПО-2017 көрмесін ұйымдастыру және өткізу мақсаттарында  деректерді орналастыру және өңдеу қызметтері;

    12) ЭКСПО-2017 көрмесінің аумағындағы байланыс құралдарын дамыту және WiFi желісіне, оптикалық-талшықты желілерге қолжетімділікті қоса байланыс қызметтерін көрсету.

Корпоративтік басқару

Жалпы ақпарат

 «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамы копоративтік басқаруды «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамы қызметінің тиімділігін арттыратын және дамытатын, оның беделін бекітетін, инвесторлар тарапынан сенімді қамтамасыз ететін, инвестициялардың халықаралық сипатын кеңейтетін және капитал тартуды арзандатын пайдалы кілт ретінде қарастыруда.

«Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамын корпаративтік басқару әділеттілік, адалдық, айқындық, кәсібилік және біліктілік принциптеріне негізделген. Корпоративтік басқарудың тиімді құрылымы  «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамы қызметіне мүдделі тараптардың құқықтары мен мүдделеріне құрметпен қарауды, оның ішінде, құндылығы мен нарықтық құнының өсуін, қаржылық тұрақтылығын және кірістілігін  қамтамасыз етуге бағытталған.

«Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамы органдарының жүйесі төмендегілерден тұрады:

  • Жалғыз акционер — жоғарғы орган;
  • Директорлар кеңесі- Басқарма қызметіне жалпы басшылық және бақылау жасайтын басқару органы;
  • Басқарма –Қоғамның ағымдағы қызметіне бақылау жасайтын алқалы атқару органы;
  • Ішкі аудит қызметі – Қоғамның қаржы-шаруашылық қызметіне бақылау жасайтын, ішкі бақылау мен тәуекелдер саласына баға беруді жүзеге асыратын орган.

Директорлар кеңесі стартегиялық мақсаттарды, дамудың басымды бағыттарын айқындайды және «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамы қызметінің негізгі бағыттарын, алдыға қойылған мақсаттарды, ұзақмерзімдік перспективаны жүзеге асыруға қажетті қаржы ресурстарын қамтамасыз етеді.

Директорлар кеңесі Басқарма қызметіне бақылау жасайды.

Басқарма Жалғыз акционердің және Директорлар кеңесінің шешімдерін орындауға міндетті. Басқарма Қазақстан Республикасының заңдылығымен «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамының қызметіне қатысты «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамы басқа органдарының құзыретіне жатқызылмаған кез келген мәселе бойынша дербес шешім қабылдауға құқылы.

«Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамының Басқармасы Басқарма төрағасынан, оның орынбасарынан және басқа тұлғалардан  тұрады. Басқарма құрамының санын, өкілеттігінің мерзімін, лауазымдық айлықақысының мөлшерін және еңбекке ақы төлеудің шарттарын және Басқарма төрағасы мен мүшелерін марапаттау, Басқарма мүшелерін сайлау, Басқарматөрағасын қоспағанда, тек Директорлар кеңесінің құзыретіне жатады.

«Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамы органдары арасындағы өзара әрекеттесуді және ақпарат алмасуды корпаративтік хатшы қамтамасыз етеді.

Жалғыз акционер

«Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамының құрылтайшысы – Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру Комитеті.Жалғыз акционер – «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамы мемлекеттік акция пакетін 100% пайдалану   және иемдену құқығын беретін тиісті қабылдау-өткізу актісіне сәйкес Қазақстан Республикасының Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі.