Шұғыл! Қыз өсіріп отырған аналардың назарына!
МЫНА 50 КЕҢЕСТІ ҚЫЗЫНА ЖИІ АЙТЫП ТҰРУ ҚАЖЕТ
1. Мен білемін, сен кейде маған ренжіп қаласың, бірақ мен сені бәрібір жақсы көремін
2. Кейбір сөздер көпір соға алады. Ал, кейбірі сол көпірді жойып жіберуді мүмкін. Сондықтан әрбір айтқан сөзіңді санаңнан өткізіп айт.
3. Сенің шаңырағың — сен тұратын орта емес, сені жақсы көретін орта.
4. Бірінші болып кешірім сұрау әлсіздікті білдірмейді
5. Ешқашан жігіттің соңынан жүгірме, ең дұрысы, олар өздері сені тапсын. Егер сен нағыз азамат дос жігітті кездестірсең, оның жүрегінен орын алуға тырыс. Сендердін арақашықтыктарың қарым-қатынастарыңа еш кедергі болмауы керек.
6.《Жоқ》деген сөзді айтып үйрен, және бұл сөзді қолдануға еш қаймықпа.
7. Біреуге игі істі жиі жасап тұр.
8. Дүние сені бақытты етпейді.
9. Ешқашан біреуді сынама. Бірақ, әрқашан өзгелер өзіңді сынауына дайын бол. Бұл өмір, кеудеңді тік ұста, қызым!
10. Санаңды да, өзіңді де, айналаңды да таза ұста.
11. Алдыңа мақсат қой, сол мақсатқа жету үшін күресе біл.
12. Әрбір кішкентай қиындыққа еңсеңді түсіре берме. Басқа қиындық түсу, ақырзаманды білдірмейді.
13. Сен ешқашан өзгені өзіңмен салыстырма, олар ешқашанда сен сияқты бола алмайды.
14. Біреуді қаншалықты жақсы көрсең де, өзіңді жоғалтпауға тырыс.
15. Сөйле! Өз дауысыңды тап және оны қолдан.
16. Ең біріншіден өзіңді сүй. Сонда ғана сен өзгені сүйе аласың. Сол кезде түсінесің, қыз болып туылған қандай керемет екенін.
17. Саған өз өмірбаяныңды жазуға тура келетін уақыт туады, сол кезде қағаз бетіне тек бақытты сәттерді жазып толтыруға тырыс.
18. Өмірде сеннен санасы төмен көптеген қыздарды кездестіресің. Араңды қалың маркермен сызып қой да, олардан іргенді аулақ ұста.
19. Әр қошемет сөздерді дұрыс қабылдай біл. Маған сенші — сен ғажап қызсың!
20. Әрқашан адал бол.
21. Өз рөліңде бақытты болуды біл және ешқашан жалғыздықтан қорықпа.
22. Ешқашан өз сезімінді сыртқа шығаруға қорықпа.
23. Білім — алып күш. Өзіңді дамыт!
24. Сенің қайғынды, қуанышыңды бөлісіп тұратын, әрдайым сені қолдап жүретін жанды таңда.
25. Есіңде болсын! Сен ешкімнің жекеменшігі емессің. Сен қызсың, өз бағаңды біл және бағаңның қаншалықты қымбат екенін ешкімге айтпа.
26. Ұрысуға болады. Бірақ тоғызыншы ережені ұмытпа!
27. Өз-өзің үшін тұра алатын бол. Сен жалғызсың.
28. Сәтсіздікті бастан кешіруден қорықпа. Қателік — өзіңнің сапаңды және мүмкіндігіңді жетілдіретін жаңа баспалдақ болуы мүмкін.
29. Қандай жағдай болмасын, мен сені қолдап жүретінімді біл.
30. Еш келісімсіз біреуге көмектесе біл, бұл сені бақытты етеді. Әлемге не сыйласаң, өзің де соны аласың.
31. Құрметті бол, ризалық мінезді ашады.
32. Өзіңнің ішкі сезіміңе, дауысыңа сен.
33. Өзіңді ұнатқыза алатын қыз, көпшіліктің көреалмаушылығынан, сыбысынан қаша алмайды. Сондықтан ешкімге де, ешнәрсеге де мән берме. Өзіңмен өзің бол.
34. Сенің қандай екенінді сөзің емес, ісің көрсетеді.
35. Өз сезіміңді жасырма, сезіміңді білдіруге жол тап.
36. Сұлулықты әрбір заттан көр.
37. Еркекті байлығы үшін емес, кемеңгерлігі үшін бағала. Әйелді сұлулығы үшін емес, адалдығы үшін бағала.
38. Өзіңді жақсы көретін адамдардан ешқашан байланыс үзбе.
39. Өмір жолында әрдайым басынды тік ұстап жүр. Өз-өзіңе сенімділік жағымды болады.
40. Қажет кезінде жылап ал және сол көз жасынан жаңа күш тап.
41. Күлкі жанның дауасы.
42. Өзгенің әуенін құрметте, бірақ өз әуеніңе биле.
43. Әрқашан өзіңді қамтамасыз ететін жағдайда бол.
44. Сенде бәрі жеткілікті.
45. Сен маған кез-келген уақытта, не болса да айта аласың. Мен әрдайым сенің жаныңан табыламын.
46. Қыздар, ешқашан жігіттердің көз жасы мен шағымын шешуге асықпау қажет. Негізі жігіттер өз проблемасын өздері шешуі керек.
47. Сенің қабілетің өзің ойлағаннан да зор.
48. Сен өте сұлусың және ешқашан ешкімге сенің басқаша сезінуіңе жол берме. Өзгенің пікірі, тек реңкілі әуен.
49. Өмір тек бүгінгі күннен тұрады. Қазіргі сәтте өмір сүр. Сен кешегі мен ертеңгі күнді толықтай басқара алмайсың. Сенде бардың барлығы бүгінге, сондықтан әрбір бүгінгі күнді бақытпен өткізуге тырыс.
50. Тағы да есіңде сақта, мен әрдайым сені жақсы көріп өтемін.
Аударған: Қыздарға бәрі керек тобы!
Ihsan.kz