Бейбітшілік бітімі орнаған жерге бір белгі керек-ақ

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, «Нұр Отан партиясы», ауыл шаруашылық министірлігі, Қазақ радиосының бірлескен жобасымен  «Ұлы дала ауылы-ұлт қазнасы» экспедициясымен шығысқа келген Қазақстан Республикасы қоғам қайраткері, Қазақстан Респуликасының журналистер одағының мүшесі, кең пейілі мен ізгі мейіріне сай  халықтың өзі «ЕлАна» атап кеткен Сауле Мешітбайқызы апамыз Аягөзге бара жатыр алдынан шығып жанында болыңыз деген тапсырма алдым. Жүзбе жүз жолықпасам да жасап жатқан игі істерін танып сыртынан риза болып құрмет тұтып жүретін жан иесін көңілімді бір екерекше сезім кернеп келе тосумен болдым. Көптен күткен апамыз да келді. Алғаш амандықтан соң мінезінің тік бір беткей екенін байқағанмен болмысынан бір үлкен мейірімнің есіп тұратынын таныдым. Әсіресе Елдік пен Отансүйгіштік, Тәуелсіздік пен Тұрақтылық, Алаш рухы, баба тарихқа деген сүйіспеншілігі мен әңгімелескен адамға әдемі әсер сыйлайды екен. Көп жұрттардай көбік сөзді көпіртпей нақты жұмыс, ашық пікір, ойын бүкпесіз жеткізуі, қоғамдық мәселелерге деген көзқарасы рухтандырып жібереді. Өзі де рухтанып сөйлейді.

Белгілі қаламгер, ұлағатты ұстаз, Халықаралық «Қазақстан Заман» газетінің Бас директорының бірінші орынбасары,  танымдылық деңгейі биік «ЕлАна» қоғамдық, танымдық, әлеуметтік, сайтының Бас редакторы Сауле Мешітбайқызы апамызбен таныстық осылай басталды.

Аягөз жеріндегі сапар барысын апамыз Мамырсу ауылында жақында ғана іске қосылған мәдениет  үйі мен спорт сарайын көруден басталды.  Жаңа да жарық ғимараттардағы өндір жастардың көзіндегі шаттық пен өнер мен спортқа ынтыққан жасөспірімдердің дайындықтарын тамашалап тәубә мұның бәрі  өрісеген экономикамыз бен тұғыры берік тәуелсіздігіміздің арқасы деп жастарға ақылын айтып, биік азамат болуға шақырды. Ауылдық кітапхана, әкімшілік қызметкерлерімен кездесіп баспасөз мемлекеттік саясаттың жарқын насихатшысы, сондықтан оларға тисінше жазылып оқырмандарға онда шыққан қызықты дүниелерді сәтті жеткізіп, көрсете білуіміз керек.  Жалпы Тәуелсіздігіміздің 25 жылындағы жемісті жетістіктерді жеткізуде жүйелі жұмыстар жүргізуіміз қажет екенін баса айтты. Апамыз осыдан 2011 ж. келген Аягөз қазір жасарып жаңарып қалғанын айтты. Аудандағы оң өгерістер көңіл қуантады екен.Қасабай батыр бабаға құран бағыштадық. Бұрын келгенде күмбездің құрылысы жүріп жатқан еді,ұрпақтарына ,Алла разы болсын деп,шынайы көңлін білдірді Жүргізіліп жатқан нәтижелі жұмыстар мен көз тартқан қала көркі аудандық биліктің жүйелі жұмысының анық дәлелі дейді Сауле апамыз.

Шығыс облысымызға аз күнге келсе де арнайы ниет қылып санаулы сағаттарын бөле отырып Сауле апамызды Аягөзге жетелеген арман биік екен. Кезінде «Мәңгілік махаббаттың қос шынары» «Қозы көрпеш-Баян сұлу» кесенесінің жаңартылуы үшін жанын салып жүгіріп, азаматтық пікірін  жекізіп, игілікті шараның іске асуына үлкен еңбек сіңірген апамызды толғантқан тағы бір жай бар екен. Ол  қазақ тарихындағы ерекше оқиға Қандыжап Мамырсу бітімі орнаған орынның талапқа сәйкес қолға алынбай жатуы екен.

Ұлы оқиға орын алған жерге осыдан біраз жылдар бұрын жол үстінде соққанда да ерекше тарихтың ізі бар жерде қашан үлкен ескерткіш орын алады екен деп кеткен екен. Астана төрінде жүрсе де бұл жерде қандай іс-жасалды, даңқты бабалар бас қосып елдің мүддесі жолында үлкен шешім орнаған  жерде не өзгеріс орын алды екен деген ой көңіл түкпірінен кетпей қойыпты.Әлі де өз биігінен орын ала алмай жүрген Ұлы тарихым — ай. Кешегі шаңды жорықтардың куәсі болған атырап. Біздің көліктің дөңгелегі зырлап бара жатқан жерде Алаiтың Абылайының, қайсар Қабанбайдың басқа да сан мың ардақтылар мен бахадүрлердің табнының ізі жатыр емес пе?

 

Орыс, қытай, қалмақ елдерінен өкілдер келіп қазақ пен қалмақ арасындағы қанды қасаптың тоқтап келісімге келуі елдік жылнамамыздағы ешқашан ұмытылмас оқиға болу керек емес пе?   Ұлтты ұйыстыратын, жастарға үлгі болатын  зор тарихтың ізі бар жер жерде болашақ ұрпаққа рух беретіндей ескерткіш орнатып, осы оқиғаны жалпы халыққа жақсылап насихаттасақ ұтармыз аз болмас еді ғой. Ұрпақтарының салғырттығына ашынған атаарымыз күңіреніп жатқан болар. деп ақ ойын білдірді. Қазақ тарихының ақтаңдақ бетерін аршып, оны болашақ ұрпаққа жеткізуді мақсат тұтқан апамыз осылай деді.Жасының ұлғайа бастағанына қарамай мыңдаған шақырымдарды артқа тастап арнайы Аягөзге келген апа сөзінен көп ой түйесің.Ендігі міндет жаңғыз тас қана тұрған тарихи орынға зәулім ескерткіш орнатып, ұлттың рухын оятатын іс жасау сияқты. Сіздер қалай ойлайсыздар..? !

 Ермек Дайырбаев        Аягөз қаласы