Ішкен адамды тәуелді қылатын сыраның қандай сиқыры бар?
Сыраны әдетте құлмақтан, уыттан ашытқы және судан жасайды. Ол 92-93%судан тұрады, құрамында 3-14%алкоголь, 3-4 %қант бар. Ондағы бар көп көмірқышқыл, көпіршіктер сыра әуесқойларының өңеші мен асқазан қабырғаларын қыжылдата, тәбетін ашып, артық салмаққа әкеп соқтырады.
Арақтан гөрі, сыраның негізінде алкогольдік мас болу жылдамырақ. Әдеттегі сыра бөтелкесі 50-60 грамм араққа тең. Бір күнде төрт бөтелке сыра, көптеген «дені дұрыстарға »- бұл да 200-240 грамм арақ ішкенмен пара-пар.
Созылмалы маскүнемдік күшті алкогольдік сусыннан гөрі, сыра тұтынудан 3-4 есеге жылдамырақ пайда болады. Бірнеше айдан кейін үнемі сыра тұтынудан –сыра маскүнемдігі деп аталатын тәуелділік пайда болады. Өндіруші сыраға жиірек спирт қосатыны мәлім.
«Алкогольсіз» деп аталатын сыра да зиян келтіреді, өйткені онда үлкен мөлшерде болмаса да алкоголь бар. Тәуелділікті қалыптастыруға күніне 75 грамм шамасында алкоголь талап етіледі. Балғын ағза үшін тіпті аз мөлшердің өзі зиян және бала босанатын жастағы әйелдерге тұтынуға болады.
Құлмақ негізінде дайындалатын сыра құрамында алкогольдік тәуелділікке әкелетін спирт қана емес, анаша шеккен кезде туындайтын тәуелділіке ұқсас есірткі тәуелділігіне әкеп соқтыратын есірткі бар екендігі ғылыми дәлелденген.
Бір литр сырада шамамен адам ағзасынан натрий мен суды шығаруды көбейтетін калийдің күндізгі нормасы бар. Міне, адам ағзасы сырадан соң тұздалған балықты, жаңғақ пен қуырылған картопты қажет ететіндігі.
Жүрек сұйықтың артық мөлшерін қайта шайқай отырып, көлемі жағынан ұлғаяды, май басады, оның қабырғалары жұқарып, белсенділік деңгейін жоғалтады. Миокард инфаркті дамуының қауіп-қатері өседі, артерия қысымы көтеріледі және тамырлардың варикоз кеңеюлері артады. Күшке түсетін жүктеме нашар қабылданады, демікпе пайда болады. Дәрігерлер бұл синдромды «бавариялық » жүрек деп атайды. Бұл өзгерістерді сыра көбігінің тұрақтандырғышы ретінде қолданылатын кобольттің сырада болуымен байланыстырады.
Сырада әйелдің жыныстық гормондарына ұқсас көп эстроген тектес заттар айқындалған. Сондықтан сыраны мөлшерден тыстұтынатын еркектердің дене бітімі әйел тектес қалыптасады: белінде май қатпары өседі, іші мен көкірек безі ұлғағаяды.
Еркектерде сыраны тұтыну жыныстық әлсіздікке әкеп соқтырады және қарама – қарсы жынысқа ынтығуын төмендетеді, ал әйелдерде отбасы қатынасына үйлемсіздікті енгізетін озбырлы жүріс-тұрыс байқалады. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша сыраны жүйелі түрде шамадан тыс тұтыну асқазан обырының, тоқ ішек обырының және сүт бездері обырының қауіп-қатерін арттырады.
Сыраны шамадан тыс тұтынудан ағзада болатын барлық өзгерістер қайтымсыз. Ми жасушалары зақымдалады, интелекттің бұзылуы және тұлғаның психопатиялық өзгеруі пайда болады.