Мына 4 адамның халын білу сізге міндет

 

Мұсылман адам келесі 4 санаттағы жандардың қал-жағдайын біліп тұруға міндетті:

1.Мұсылман адам ең алдымен өзінің ата-анасына барып, қалын біліп тұруы тиіс. Егер ата-анасы қайтыс болған болса олардың қабіріне барып тұру қажет. Бір хадисте: «Жұма күні ата-анасының қабіріне барған адамның күнәлары кешіріліп, ол адам өз ата-анасының хақысын қайтарған болып саналады»-делінеді.

2.Тақуа туысқандарына барып тұру керек. Ал, күнә жасауға итермелейтін немесе соған себеп болуы мүмкін туысқандарға бару міндетті емес. Хадисте: «Туысқандық байланысты сақтау – бұл өзіңе келмейтіндерне бару және оларға қамқорлық таныту»-делінген. Егер туысқандар алыс жақта немесе басқа қалада тұратын болса хабарласып отыру керек.

3.Тақуа достары мен мұсылман бауырларына, көршілеріне бару қажет. Бұл туралы хадисте: «Өзінің мұсылман бауырына барған адамға ол үйін қайтқанша мейірім төгіледі». «Өзінің мұсылман бауырына Алла разылығы үшін барып қалын білген адам Жұмаққа кіреді»-делінген.

4.Сондай-ақ әлімдер мен көмекке мұқтаж жандарға барудың маңызы зор. Хадисте: «Кімде кім әлімге барып қалын білсе, маған келгендей сауап алады»-делінген.

Сонымен қатар үй иесінің рұқсатынсыз кетпеген жөн. Алла елшісі хадисінде: «Досының қалын білуге келген адам рұқсат сұрамай қайтпасын»-дейді.

Ihsan.kz