ЭКСПО-ны жамандап әлемді шулатқан журналистің көксегені не?

Өткен аптаның соңында Америкалық «Foreign Policy» басылымында журналист Джеймс Палмердің Астана қаласында өтіп жатқан ЭКСПО жайлы келеңсіз, түгелдей сынға құралған мақаласы әлемді дүр сілкіндірді. Атышулы мақаланы «жерден жеті қоян тапқандай» көшіріп басып таратқандардың ішінде өзіміздің орыс тілді басылымдар көш басында тұр. Батыс журналисі ЭКСПО қалашығындағы қаңырап бос тұрған павильондарды сөз ете келіп, бас қаламызды «захолустной Астана» деп келемеждеп өтіпті.

Түпнұсқадан ажырап қалмау үшін қыршаңқы тілді шетелдік журналистің мақаласының кей жерлерін ойыпойып орысша бермекке бекіндік. Сонымен, жаһандық саясат, экономика, интеграция тақырыптарын жазатын, екі айда бір басылып шығатын танымал журналда 15 маусымда Қазақстан туралы мақала шықты. «Қазақстан Өлім Жұлдызын жасауға 5 миллиард доллар жұмсады, бірақ ол лазермен ата алмайды» деп аталатын мақалада EXPO-ның бас нысаны «Нұрлы әлем» ұлттық павильоны «Өлім Жұлдызына» теңеліп, мысқылға алынған. «Өлім жұлдызы — «Жұлдызды соғыстар» фильміндегі бүкіл ғаламшарды қиратуға жеткілікті күші бар қаруланған ғарыштық станцияның атауы. Мақала авторы Астана ЭКСПО-ның бас нысанын фильмдегі ғарыш станциясына ұқсатқан.

Мұны әрі қарай ru.sputniknews.kz сайты былай жазады: «Авторитетный американский журнал Foreign Policy опубликовал развернутый репортаж с Международной выставки ЭКСПО в Астане, однако большая часть представленных журналистом сведений о выставке, мягко говоря, необъективна. «Единственный посетитель в павильоне» «Казахстан построил футуристический город, чтобы провести международную выставку и улучшить имидж страны, но есть одна маленькая проблема: Астана забыла пригласить гостей», — начинает свой репортаж журналист Джеймс Палмер. «Я был единственным посетителем в павильоне Греции. Во многих павильонах не было никого, кроме персонала. Лишь в павильонах крупных стран — Китая, Германии, США — были десятки посетителей. Однако снаружи павильонов большинства стран я пробирался сквозь пустые ограждения. Двое из трех людей на выставке носили бейджики», — констатирует журналист. В своем репортаже он рассказывает, что Астана — первый город на постсоветском пространстве, принимающий ЭКСПО. При этом ЭКСПО в Астане, которая, как известно, имеет статус малой выставки, журналист почему-то сравнивает с ЭКСПО-2010 в Шанхае. «Когда я был на ЭКСПО в Шанхае в 2010 году, на улицах было не пройти, выставку посетили 73 миллиона человек. Официально Астана продала 670 тысяч билетов, однако есть серьезные сомнения в отношении того, насколько реальны эти цифры», — пишет журналист. Как вывести казахстанца из себя? «Есть два способа вывести казахстанца из себя, — делится «лайфхаками» Палмер. — Упомянуть Бората или назвать Звездой Смерти павильон «Нур Алем» (казахстанский павильон на ЭКСПО — прим. ред.)». Он критикует казахстанские власти за неточные прогнозы по количеству туристов на ЭКСПО.

«Из года в год (пока шло строительство площадки ЭКСПО — прим. ред.) организаторы из Казахстана понижали число ожидаемых посетителей трехмесячного мероприятия — 5 миллионов, 3 миллиона, теперь 2 миллиона. На открытии, по официальным данным, было 10 тысяч посетителей, но и это очень щедрая оценка. На следующий день народу было и того меньше», — пишет Палмер.

Күні кеше интернет желісі арқылы таралып кеткен осы мақала жөнінде «Астана ЭКСПО — 2017» ұлттық компаниясының қоғаммен байланыс департаменті директоры Сергей Куянов Астанада арнайы баспасөз мәслиxатын өткізіп, мәселенің аққарасын ашуға тырысты. Сөйтсек, әлемге әйгілі «Foreign Policy» басылымының журналисі Джеймс Палмер Астанаға келмеген болып шықты. Келмегесін ЭКСПО көрмесін өз көзімен көрмегені тағы анық. Соған қарамастан, көрмені жамандап жазуға күш салғаны қалай? Сөйтсек, Палмер мырза өз материалын өзге біреудің пікіріне сүйеніп жазған, я болмаса, репортажын тапсырыс бойынша жарыққа шығарған көрінеді. «Біз ол журналистің бар екенін анықтадық. Британдық Джеймс Палмер бірнеше басылымға Орталық Азия мен Қытай туралы жазады екен. Алайда ЭКСПО — 2017 көрмесінде ондай журналист тіркелген жоқ. Ол — бір. Екіншіден, Джеймс Палмер деген кісі Қазақстан шекарасын кесіп өтпеді, — деді департамент директоры. Оның айтуынша, шетелдік журналист өз материалында көп фактілерді бұрмалап көрсеткен. Мәселен, көрме құрылысына кеткен ақшаның жалпы сомасы 5 млрд. доллар емес, 1,3 млрд. долларды кұрайды. Тағы басқа да жаптым жала, жақтым күйе сындары орынсыз екен.

Жә делік. Бірақ ЭКСПО-ны сын тезіне алған Джеймс Палмер өзі туралы айтылған айыптауларды естігенде табадағы балықтай шоршып түсіпті. Журналистік зерттеуіне күмән келтіргендерді сендіру үшін, өзінің Астанаға келгенін дәлелдеу үшін Twitter парақшасына жол сапар құжаттарын салып қойыпты. Онда барып келу билеттері, паспортында мөр басылған. Елді дүрліктірген бұл мәселе Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевты да бей-жай қалдырмаған секілді. Ол «Foreign Policy» америкалық басылымында жарық көрген Джеймс Палмердің ЭКСПО көрмесі туралы сыни материалына және кейін сайттың Қазақстанда бұғатталуына қатысты өз пікірін ашық білдірді.

«Біз кез келген сынды сабырлы қабылдаймыз, мұны өте жақсы білесіздер. ЭКСПО туралы мақтау сөздер де, сын да айтылып жатыр», — деді Абаев БАҚ өкілдеріне. «ЭКСПО баспасөз хатшысы Куяновтың мәлімдемесі туралы айтар болсақ, Сергейді адамгершілік тұрғыдан түсінуге болады. Өйткені журналист Палмердің мәлімдемесі шындыққа сәйкес келмейтінін жақсы білесіздер», — деді министр.

Бірақ журналистің Астанаға келген-келмегені жөнінде бір ауыз сөз жоқ. Қазір жұртқа қызығы: ЭКСПО-ны сын тезіне алған Джеймс Палмер Астанаға келді ме? Келсе, қай қонақүйге түсті? Қай жерден тамақтанды? Егер шынымен келген болса, ЭКСПО-дағы қымбатшылықты алдағы уақытта мақалаға арқау етері сөзсіз деп отыр. Ресми билік оның келгенін жоққа шығаруда. Өтірік айтса, өздеріне сын. Ал журналист мығым отыр. Кімге сенеміз? ЭКСПО арқылы еліміздің атын шығарамыз деп жатқанда, балаққа жармасып, түймедейді түйедей етіп жатқандарға не дерсің?! Бұл не күншілдік пе, жоқ әлде қызғаныш па? Әлде мақаланың кей тұстары шындықпен жанаса ма? Оны өзіңіз көзбен көріп қана шешім шығара аласыз. Ол үшін ЭКСПО-ға келіңіз! Көріңіз!

НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК

Сурет ИнформБюро сайтынан алынды