Ораза Айт құтты болсын, ағайын!
Бүгін – Хижри күнтізбесі бойынша Шәууәл айының алғашқы күні, яғни, исі мұсылман баласы тойлайтын Ораза айт мерекесі. Отыз күн нәпсісін тежеп, тек Алланың ризалығын көздеп ораза тұтқан момындардың Жаратқанға мадақ айтып, бірін-бірі құттықтайтын ерекше күн. Ислам дінін салт-санасына әбден сіңірген қазақ халқы да ежелден Айт мерекелеріне айрықша көңіл бөлген. Бір ай бойы күндізін оразамен, түнін құлшылықпен өткізген бабаларымыздың ағайын-туыс, дос-жаран, көрші-көлемді жағалап, айттайтын әдеті жоғалды десек қателесеміз. Керісінше, жылдан-жылға Айт мерекесінің қадірі артып, ұлықтығын танып келеміз.
Біз де айтулы мерекемен оқырмандарымызды құттықтаймыз! Қазақ Елінің мерейі өсіп, мәртебесі биіктей берсін! Айдан аман, жылдан есен өтіп, Рамазаннан Рамазанға, Айттан Айтқа төрт көзіміз түгел жете берейік! Мереке құтты болсын, ағайын!
Ізгі тілекпен, «ЕлАна» әлеуметтік, қоғамдық-танымдық сайты