Қыздарыма кеңесім бар!

Бүгінде қазақ ішінде ақыл-кеңес берушілер тіптен көп дейтін шығарсыз. Сол ақыл айтқан адам өзі соған лайық па екен, өзі соны титтей болса да істей ме екен дерсіз?!.. Шын мәнісінде, ақылды кім айтып, кеңесті кім бергені жөн. Әрине, ауызы дуалы адам болса жарар ғой. Былайша айтқанда, оқығаны да едәуір көп, көрген-білгені де едәуір көп адам ақыл-кеңесін келістіріп айтса, неге оны тыңдамасқа?.. Бұдан түптеп келгенде, пайда көрмесең зарар шекпесінің анық. Осы орайда қаракөз қарындастарым-ай, қарлығаштарым-ай дей отырып, өздерің сүйіп оқитын десем болатын шығар, серілігі әлі басылмаған ақын, махаббат дастанының кемеңгеріндей болған ақын Исраил Сапарбайдың әйел-анаға қатысты бірер ойларын алға тартқым келеді. Неге дейсіз ғой, өйткені ертең сіз де ана болу құрметіне ие болып, бір қолыңызбен бесік тербетіп, ал екінші қолыңызбен әлемді тербетеріңіз хақ. Сондықтан, сол Исраил Сапарбай ағаларыңның аз-кем ойларын сендер де біле жүріңдер деген ниетпенен ұсынғанды жөн көрдім.

— Әйелдің тілі жүйрігі емес, тігісі жатығы жақсы.
— Әйелді сүю керек, бірақ әулекілену артық – әуреге түсесің, ақымаққа айналасың.
— Әйелдің жүрегі таза болмаса, көңілі қаза болмақ.
— Еркекпен ерегескен әйел де бір, ер-тоқымсыз Есек те бір.
— Еркектермен отырма, жыныңды қоздырасың.
— Әйелдің өзім білетін ышқырлығының ыстығына емес, сергек сезімінің ұшқырлығына тәнті болдым.
— Әйелді күте алмаған күң етеді.
— Әйел – бұлақ. Ішкен сайын шөлдейсің. Шөлдеген сайын қанбайсың. Таңдайың құрғап, ындының құриды да тұрады.
— Әйел – өсекшіл. Жақсыңды жасырады, жаманыңды жасырады.

Ғалымқұл БІРЛІК