КӨЗІМІЗГЕ ШҮКІРЛІК…

Ойланшы.. Таңертең ұйқыңнан ояндың.. Көзіңді аштың.. Бірақ тас қараңғы.. Ештеңе көрмейсің..

Түн екен деп ойладың.. Сүрініп жүріп жарықты тауып жақтың.. Бірақ сонда да тас қараңғы..
Ток өшіп қалған шығар деп ойладың.. Айғайладың.. Анаң келді жаныңа.. Бірақ тас қараңғы.. Көре алар емессің..
Сұрадың «неге үйдің іші қараңғы» деп.. Бірақ саған жарық екенін айтты.. Ал сен тек тас қараңғылықты көріп тұрсың..
Дәрігерге апарды.. Бірақ сенің мәңгі соқыр болатыныңды айтты..
Ойланшы.. Қандай күйде боласың???
Өмір бойы тас қараңғылықты көргенше, өлген жақсы дейтін шығарсың.. Бірақ осы тас қараңғылықпен қаншама миллиондаған зағиптар өмір сүріп жатыр! Ал сен шүкір ет..
«Альхамдулиллях, альхамдулиллях, альхамдулиллях».. Қаншама шүкір айтсаңда өтей алмайсың!
Аллахтың берген көзімен тек жақсылыққа қара! Харамнан көзіңді тый! Пайдалы ілім оқы! Осы көзіңді бір күні Аллах алып қоюы мүмкін екенін ұмытпа!
КӨЗІ КӨРЕТІН СОҚЫРҒА АЙНАЛМАЙЫҚ БАУЫРЛАР!

Макс Адай