Астанада Қазақстан ұлттық театрларының республикалық фестивалі өтеді
Шілде айының 8-12 күндері Астана Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан халқы Ассамблеясының және Қазақстан театрлары ассосациясының қолдауымен «ЭКСПО 2017» Халықаралық көрмесінің мәдени бағдарламасы аясында Қазақстан ұлттық (этникалық) театрларының IV Республикалық фестивалін өткізеді.
Ұлттық мәдени фестивальдер – бұл Қазақстанда өмір сүріп отырған және еңбек етіп жүргенәр ұлт өкілдерініңқазіргі заманғы таланттар шоғырын көруге мүмкіндік беретін айрықша оқиға, олардың шығармашылыққызметінің белгілі деңгейде қорытындылау мүмкіндігі, өзге халық мәдениетіне жақындау, біздің еліміздіңәр азаматының жеке маңыздылығы менқажеттілігі сезімі.
Фестиваль актерлер мен режиссерлер үшін даму, тәжірибе алмасу алаңы. Ол елдің тілдік және мәдени көптүрлілігін сақтауға, бір-бірін мәдени толықтыруға, Қазақстан халықтарының мәдениаралықсұхбатының одан әрі дамуына ықпал етері сөзсіз. Еліміздің этникалық театрлары өз сахнада мемлекетімізде тұратын барлық этностар өнерін насихаттайтын болады.Шараның басты мақсаты мәдени және тілдік алуантүрлілікті сақтау, этностар мәдениетінің өзара толысуы, елдегі этникааралық келісімді нығайту және Қазақстан халқының бай мәдениетін одан әрі дамыту болып табылады.
Фестивальге Оңтүстік Қазақстан облыстық өзбек драма театры, Республикалық академиялық неміс драма театры, Республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театры, Құдыс Қожамияров атындағы республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театры, Астана Жастар театры, М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры, Ақмола облыстық орыс драматеатрлары қатысады.
Бір апта бойы Астана қаласының қонақтары мен тұрғындары фестиваль қойылымдарын Оқушылар сарайы мен М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры сахналарынан тамашалай алады.
8 шілде күні сағат 17:00-де Оқушылар сарайында фестивальдің ресми ашылуына орай арнайы баспасөз конференциясы ұйымдастырылады. Баспасөз конференциясына танымал театр майталмандарынан тұратын қазылар алқасы мен сыншылар алқасы, ұйымдастырушылар қатысады.Қазылар алқасының төрағасы – Талғат Теменов, қазылар алқасының мүшелері –ГүлсинаМерғалиева, Нәзипа Шанай және сыншылар алқасы — Давид Папава, Сара Памела, Рахима Абдувалиева, Қазақстан театрлары ассоциациясы төрағасының орынбасарыАсхат Маемировқатысады.
8 шілде күні сағат 17:30-даОқушылар сарайының алдындафестивальдің ресми ашылуы өтеді.
Ал, 12 шілде күні сағат 19:00Оқушылар сарайының сахнасында фестивальдің салтанатты жабылуы өтеді.