Қыз балалар туралы Алла Елшісінің (с.ғ.с) хадистері

1.«Қыздарыңызға ашуланып, ренжімеңіздер, өйткені олар қымбатты, мейірімді».(Набит бин Шурайттан Дилми риуаят еткен).

2.Бір адам пайғамбармен (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) отырған уақытта, оның ұлы жанына келді. Ол ұлын  сүйіп тізесіне отырғызды. Ал жанына қызы келгенде, алдына отырғызды, бірақ сүймеді. Сонда Алланың Елшісі: «Сен неге оларға әділетсіздік жасайсың?»,-деді. (Анастан шейх Юсуф риуаят еткен).

3.«Алла Тағала өз қыздарына сабырлық еткен әрі осы үшін сыяпатқа ие болатынын білетін адамды жақсы көреді». (Абу Хурайрадан Абу Шейх риуаят еткен).

4.«Қыздар – олар мейірімді, игі жандар. Бір қызы бар адамды Алла Тағала тозақ отынан сақтайды. Екі қызы бар адам, солардың себебімен жәннатқа кіреді. Ал үш қызы бар немесе қыздары секілді кіші қарындастары бар адам, оларға қамқоршы болса, оның мойнынан жиһад пен садақаның жауапкершілігі түседі». (Анастан Дилми риуаят еткен).

5.«Егер бір адамның үш қызы болса, оларды киіндіріп, қамқорлық етіп, тамақтандырып оларға сабырлық етсе, қыздары қиямет күні тозақ отынан сақталуына себепші болады». (Ъуқба бин Амирден ибн Мажа риуаят еткен).

6.«Біреудің басына қыздары себепті қайғы-қасірет, сынақ келсе, ал ол оған сабырлық етсе, оттан құтқарылуына қыздары себепші болады». (Айша р.а. анамыздан Тирмизи риуаят еткен).

7.«Кімде кім екі қызын немесе қарындастарын немесе анасының сіңлілерін немесе әкесінің қарындастарын немесе әжелерге қамқорлық етсе, жәннатта Менімен[13] бірге болады. Ал кімде кім жоғарыда аталғандардың үшеуіне қамқорлық етсе, құтқарылушылардан болып, жетістікке ие болады. Ал кім олардың төртеуіне немесе бесеуіне қамқорлық етсе…, ей адамдар, солар секілді болыңдар». (Абу әл-Мухбирден Табарани риуаят еткен).

8.«Кімнің үш қызы немесе қарындасы болса, ал біреуде екеуі болса, оларды тек қана Алланың разылығы үшін ренжітсе, дегенмен оларға жақсы мәміле жасаса – ол үшін берілетін сыйлық жәннат болады». (Абу Саъид әл-Худриден Тирмизи риуаят еткен).

9.«Әйелге игілік, салиқалық берілгеннің белгісі – оның тұңғышының қыз болуы.Себебі Алла былай дейді: «Егер қаласа біреуге қыз береді, қаласа ұл береді». (Ибн Умардан ибн Мардауия риуаят еткен).

10.«Салиқалы әйел – ол, аз төлемді кешіріп, бірінші нәрестесі қыз болады». (Айша р.а. анамыздан Суюти риуаят еткен).

11.Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын)  Сурақа бин Маликке былай деген: «Саған мейірімділіктің ең жақсысын нұсқайын ба? Бұл – игілік, қызыңа берген жәрдемің, ажырасқаннан соң саған қайтарылып берілгені, сенен басқа оның ешкімі, қамқоршысы жоқ». (Сурақа бин Маликтен ибн Мажа риуаят еткен).