Қызын ұзатқан ананың ел естімеген 6 өсиет сөзі (ВИДЕО)
Қызын ұзатқалы отырған ана қызына мына 6 сөзді ғана айтты деп Қамшы жазады. Қызына осы айтқан сөздері жеткілікті болған екен. Анасының айтқан 6 кеңесі қызының өзге отбасына сіңісіп, оны бақытты қылуға байланысты болды. Қызына өзімшіл болма, міндет ете беретін әйелдерден болма, өзіңнің күйеуіңді өзгелермен салыстырма, көрсеқызар болма, сыртқы сұлулығыңды ғана әспеттеп айнаның алдынан шықпайтын әйелдердің қатарынан болма, көп сөйлейтін әйелдерден болма деп ақыл айтқан екен.