Ашуды жеңудің 4 тәсілі (ашуланғанда осыларды жасаңыз…)

Ең әлсіз адам – ашулы адам. Себебі адам ашуланғанда оның ой-санасын өзі емес, шайтан билейді. Ол өзіне-өзі, іс-әрекетіне жауап беруден қалады. Сөйтіп, өзіне жақын адамын ауыр сөз айтып, оғаш әрекеттер жасап ренжітіп алуы мүмкін. Оған өзі кейін өкініп жатады.

Ал ең мықты адам – ашуланғанда ашуын жеңіп, сабырлы бола білген адам. Ендеше, бойыңды ашу кернеп, әне-міне жарылардай болып тұрғанда не істеуге болады? Ашуды жеңудің жолдары бар ма?
Міне, мына 4 кеңес сізге септігін тигізеді деген сенімдеміз:
1. Ең алдымен тұрған болсаңыз, отырыңыз. Отырғанда да басыла алмасаңыз, жатыңыз. Ол да көмектеспесе, дәрет алыңыз. Себебі Пайғамбарымыз (с.а.с): «Анығында, ашу – шайтаннан. Ал, шайтан оттан жаратылған. Отты су өшіреді. Сендердің бірің ашуланатын болса, дәрет алсын», — деген.
2. Дереу Алладан өзін шайтаннан қорғауын сұрап дұға ету.
3. Бір-екі жұтым су ішіп, терең тыныстаңыз.
4. Содан соң өзіңізге: «Мен ашуланғаннан не пайда» деген сұрақ қойып, ашудың адамға зияннан басқа берері жоқ екенін ойлаңыз.

Сабырлы болыңыздар!