Жазушыны құрметтеуді башқұрттардан үйренейік !

«…Башқұрттардың жазушысын құрметтеуін көріп қатты қайран алдым. Башқұртстанда бір адамның кітабы шықса, әуелі оны өзі оқыған мектебінің оқушылары оқып, талдайды екен. Оқырмандар мәжілісін өткізіп, кітаптың кемшілігі мен жетістігін ашық айту дәстүрге айналыпты. Бір не екі-үш кітап шығарған жазушының тұрған үйіне ескерткіш-тақта орнатып, оған: «Бұл үйде жазушы Бәленбай тұрады» деп жазып қоятыны таң қалдырды. Бұл іске сол ауданда тұратын ауқатты адамдар қол ұшын беретін көрінеді. Жазушымен көрші тұру – башқұрттар үшін ең үлкен мақтаныш екен! Есімі елге мәлім жазушының туған жерінде көшенің атын беру, бюстін орнату асқан ұқыптылықпен іске асырылатын шаруаның бірі. Жазушыны құрметтеудің керемет үлгісі осы емес пе?!.
…Біз болсақ, бақиға аттанған жазушылардың есімдерін ұмыттық. Мысалы, атақты жазушымыз Мәди Хасеновті кім біледі? Көзі тірісінде 90 поэма жазған Ырысты Шотбаеваны ешкім білмейді. Олардың атында көшесі де жоқ, есімі де ұмытылған».

Табыл  Құлыяс (сатирик-жазушы)