ЭКСПО 2017-АСТАНА: ДАҢҚ ПЕН ДАҚПЫРТ
Бұған дейінгі бірді-екілі постымызда шет жағасын айтқанымыздай облыстық ардагерлер ұйымының ұсынуы,Ақтау қалалық əкімдігінің ұйымдастыруымен облыс орталығының бір топ еңбек ардагерлері Елордаға сапар шегіп,осы күні ел аузындағы ЭКСПО-2017 көрмесін жəне Астананың басқа да көрнекті орындарын тамашалап қайту құрметіне ие болдық.Ең үлкені 83, кішісінің өзі 60 жастағы он бес адамдық топ құрамы саналы өмірін Ақтау қаласы ұжымдарында еңбек етуге жұмсаған жандардан жасақталған екен. Көпшілігінің мұндай мəртебелі топ құрамында сапарға шығулары,Астананы көрулері тұңғыш рет.Көздері көріп,өздері куə болған əрбір жаңалық,жақсылық атаулыға
шын көңілден қуанып,тамашалай таңданып, шүкіршіліктері мен ризашылықтарын жарыса айтысып жүрді.»Жақсылықты жасасаң бала мен қартқа жаса» деген нақылдың қиқаттығына илана түстік.
Əрине, пəленбай гектар аумақты алып жатқан, жүзден аса елдің көрмесі қойылып, басқа да ондаған қолданбалы ғылыми, мəдени,ойын-сауық орындары орналасқан шағын қалашықты бірер күнде толық аралап шығу да одан алған əсеріңді тізіп баяндап беру де мүмкін емес. Сондықтан осы Ғаламдық көрменің кейбір тұстарына ғана тоқталмақпыз.
Алдымен ДАҚПЫРТ туралы. Осы жоба құрылысы қолға алынып,салыну барысында, ашылғалы бері де аймақтар тұрғындарына ұзынқұлақтан, əлеуметтік желі арқылы да
дүңкілдеп жетіп жатқан дақпыртта есеп жоқ.Соның арғыларына ауыз ауыртпай-ақ, кейінгі,Көрме ашылып,жұмыс істей бастағалы бергілерінің екі-үшеуіне тоқталайық.
Дейді екендер: Ойбай, ЭКСПОны тамашалаушылар биліктің екпінімен еріксіз келіп жатқан қазақстандықтар, шетелдіктер саусақпен санарлықтай десті. Рас, көрмеде қазақстандықтар көп, бұған саусақ шошайтып күлу емес, керісінше,қол соғып қуану керек дер едік.
Ал, шетелдіктер де жетіп артылады, оны санап дəлелдеп жатпай-ақ қоялық. Көрмеге келушілерге жағдай жасалмаған. Шаршасаң тізе бүгетін жер жоқ, болса жиналмалы шағын орындық немесе кез-келген жерге төсеп отыра кететін кішкене төсеніш ала барыңыз деп кеңес берді, бір блогер осы əлеуметтік желіде. Соған иланып, үйдегі жиналмалы пластик орындықты ала шықпақшы да болдым-ау… Алсам пұшайман болғандай екенмін. Сыртта да, павильондар ішінде де аяқ суытып не жай ғана демалып, əңгімелесіп отыратын орындар жеткілікті-ақ екен. Тіпті террассалардағы ұзыннан қойылған орындықтарда нағашысының төріндегідей шалқайып жатқандарды да көрдік…
Жүріп-тұруы қиын үлкен кісілер мен мүгедек жандарға арналған қоларбалар, көпшілікке арналған үлкенді-кішілі велосипедтер мен самокаттарға аяқ артып, арқа-жарқа болып жүргендерді көрдік…
Тамақтың бағасы аспандап тұр, ішетін ас-суыңды ала барыңдар, дегендердің ақылына еріп, ала шыққан бір шөлмек суымызды жүре бара кəдімгідей жүк көріп, жол ортасында бір аялдаған жерімізге қалдырып кеттік. Көрменің сыртқы аумағында қаладағыдай қымбат мейрамханалармен бірге жеңіл тамақтануға жарайтын нешебір дəмханалар, сусын, балмұздақ сататын орындар толып жатыр. Ал, павильондардың ішінде кəдімгі асханалар қызмет көрсетіп тұр. Бірінші, екінші ыстық ас пен салаттардың, сусындар мен бөлішке, тəттілердің неше түрлері бар, бағасының қаладағы осы тақылетті қoғамдық тамақтандыру орындарындағыдан еш айырмашылығы жоқ. Ас-дəмдердің тауарлық түрі мен дəмділігіне мін таға алмадық.
Ақыр аяғында «Анау Шардың шыны қабырғалары шытынап кетіпті ,қатерлі» деген алыпқашпа əңгіменің де ұшығына жеттік. Шарымыз сап-сау, кінəратсыз мөлдіреп тұр! «Сыр берген» екі павильонның арасын қосып тұрған шыны арка екен, оған да тиісті жөндеу жасалып, қауіпсіздік шарасы алыныпты. Астымен бірнеше рет ары-бері жүріп өттік…
ЭКСПО біткен соң бəрі бос қалады,оларды əсіресе қыста ұстап тұру қиын,бəрі азып-тозып құриды, дейтін əңгімелер де бар əрине. Оның төрелігін бір барып кеткен жолаушы айта алмайтыны түсінікті. Бірақ Көрменің қазіргі тынысына қарап, ол ғимараттардың барлығы да болашақта қолданыс табатынына сенім пайда болады екен. Өйткені ғимараттар болашағы да Көрмені жобалау кезінде қоса ескерілуі тиіс шарттың бірі.
АЛ, ДАҢҚ дегенде алдымен ауызға аларымыз Сфера, Шар пішімді бас павильонда орналасқан Қазақстан көрмесінің өзгелерден көш ілгері көрнекілігі. Сегіз қат-қабатта ұлттық өркениет үрдісінен бастап əлемдік энергия өндірісінің бүкіл даму тарихы мен бүгіні жəне болашағына қатысты барлық көрнекі деректер мен мəліметтер шынайы күйінде де виртуальды түрде де жинақталып,сараланып, көркемдікпен көмкеріліп, өз орындарын тауыпты. Оның да бəрін баяндау мүмкін емес, көру, сезіну, мойындай білу əділдігі қажет. Тағы бір риза болғанымыз жолсерік, яғни гид жастардың соншалықты ибалы, мойынға алған істерін жетік білетіндігі. Қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне қоса өздері экскурсиясын жүргізетін павильон елдерінің тілінде де еркін сөйлеп тұрғаны.
Көп сыншылар ЭКСПОны оны салуға кеткен қаржымен ғана ғана бағалап, есептеп жатқаны белгілі. Ал мұнда бірінші кезекке сан дəуірден бергі адам еңбегі мен ойының бағасы шығады… жəне ол жалпы адамзаттық өркениет тəжірибесі мен табысы деген ұғымдармен ғана өлшенетін шексіз бағалы қазынаға кез боласыз! Жəне ол қазына біздің елімізде, Елорда төрінде мəңгілікке қалып, ойшыл, талапшыл жас ұрпақтың қиялына тамызық тастап, қанат бітірмек.Əр ересек адамның жанын да бір -екі баланың не жасөспірімнің еріп жүргеніне, олардың жүзіндегі риясыз таңда ныс пен қызығушылыққа қарап, бұл Көрмеден көргендерінің олардың болашақ таңдаулары мен тағдырларына əсер етпей қоймай тынын іштей түйсінесің. Еліміздің талабы өрлеп, даңқы дүркірейтін кез сонда келетіні не үмітің нығаяды.