Қарғыс айтуға болама?
Кей адамдар өштескен адамдарына қарғыс айтып жататындығы өмірде кездесетін жәйт. Көп адамдардың көкейінде сұрақ бар, Исламда мұсылман баласы қарғыс айтға болама?
Қарғыс айтпаудың басыт себебі адамзат баласы кек қуыспай кешірімді болса деген өсиетте жатқандығын аңғарамыз.
Алла Елшісі Мұхаммед (с.ғ.с) сонда да сабыр сақтап, соларға қарғыс , лағнет айтпаған. Қайта , Ол (с.ғ.с) «Уа, Алла! Бұл қауымды тура жолға сала гөр. Мен бұлардан мүмін ұрпақ шығуын тілеймін», – деп дұға еткен екен. Кешірімділікпен, мейрімділіктің тамаша үлгісі осы болса керек.
Негізсіз, жүйесіз қарғыс айту туралы: «Бір адам лағынет айтқанда, лағынет айтылған адам бұған лайықты емес болса, бұл лағынеті өзіне қайтады.» делінген. (Бәйһақи)
Қазақта да «Иелі қарғыс иесін табады, жүйесіз қарғыс жүйесін табады» деп албаты лағнет айтпауды ескерткен.
Яғни шын ниетпен лағнет айту қабыл болады деп ескертіліп, сондықтан болмашы ашуға бола қарғыс айтпау ескертілген.
Ислам тарихында Пайғамбарымызға және сахабаларға он үш жыл бойы қастандық жасаған мүшриктерге және олардың басшыларына қарғыс айту Ұлы Алла тарапынан ардақты пайғамбарымзға (с.ғ.с) үкім етілмеген. Қайта оларға адами сана бер деп тілеу ажет екендігі ескертілген.
Қорыта айтқанда. Абай атамыздың «…Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» деген асыл сөзін есте сақтай отырып, Алланың үкімімен бір-бірімізге үнемі жақсы сөз айтып, жақсылық тілеcек, өміріміз жарқын болары сөзсіз.