Әке құшағы

Менің үш балам бар: үлкені 7-сынып, екіншісі 3-сынып, үшіншісі 2-сынып.
Бір күні үшеуін алып киноға бардым. Кіші екі ұлым екі жағыма отырды. Мен олардың иықтарына қолымды қойып құшақтап отырдым. Ал үлкен ұлым болса шетте отырды. Ертесі күні үлкен ұлым қасыма келді:
– Әке, киноға барайықшы, — деді. Мен баланың ішіндегі қалауын білу үшін «Кеше ғана киноға бардық қой» деген сөзді айтпадым.
-Қандай киноға барамыз? — деп сұрадым. Сонда балам:
— Маңызды емес, әке. Кез келгеніне барайық. Маған керегі кино емес, кеше кинода інілеріме істегеніңді маған да жасауың.
Бардық. Кино басталғанда балам:
-Әке, кешегідей інілерімді құшақтағаныңдай мені де құшақташы,- деп айтты. Сосын кино біткен соң сұрадым:
– Балам, кино қалай болды?
Балам:
– Әке, мен кино көрген жоқпын. Мен сенің құшағыңда ұйықтадым.

Аман Сламовтың ФБ парақшасынан