А.Мырзахметов жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды
Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметов еліміздің батыс аймағына жасаған жұмыс сапарының жалғасы ретінде Маңғыстау облысында болды.
Вице-премьер жұмыс бағдарламасына сәйкес Түпқараған ауданының Ақшұқыр ауылындағы «Казах осетр» ЖШС-на барды. Аталған серіктестік өңірдегі бірден-бір бекіре етін шығаратын бекіре фермасы болып табылады.
Мұнан соң облыстық әкімдікте АӨК-ті дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға арналған отырыс болып өтті және де онда мал шаруашылығы, мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, ветеринарлық қауіпсіздік пен балық шаруашылығы мәселелері қаралды.
Отырысқа Маңғыстау және Атырау облыстарының тұрғындары, шаруалар мен салалық қоғамдастықтар өкілдері қатысты.
Осынау екі облыстың Каспий маңындағы географиялық тұрғыда қанаттаса орналасуын ескере отырып, бірінші кезекте балық шаруашылығына баса мән берілді. Ол жерде ағымдағы жағдайға байланысты бұған дейін дәстүрлі түрде өндірістік аулауға негізделіп келген балық шаруашылығы саласының көп жылдық стратегиясын түбегейлі өзгерту керектігі атап өтілді. Яғни, табиғи суаттардан биоресурстарды алғаннан бөлек, тауарлық балық өсіруді қолға алған жөн.
Жалпылай алғанда, тауарлық балық шаруашылығы мемлекеттік қолдаудың арқасында елдік ауқымда жағымды динамика көрсетіп отыр. АӨК-ті дамыту бағдарламасы аясында тауарлық балықты өндіруді 2021 жылға қарай 5 мың тоннаға дейін жеткізу жоспарлануда.
Аталған ресми құжатта балық жемін субсиядиялау жолымен алғаш рет кәсіпкерлердің шығындарын жарым-жартылай өндіру (30%) мәселесі де қарастырылған.
Сонымен қатар, жабық сумен қамтамасыз ету жүйелерін орнату арқылы балық өсіру шаруашылықтарын құруға берілетін инвестициялық субсидиялар көл маңындағы шаруашылықтарға арнайы құрал-жабдықтар мен арнайы транспорт алуға да қарастырылған.
Балық аулаушылар үшін жаңалық болып отырған жайдың бірі – тыйым салынған аулау құралдарына тыйым салу, оның ішінде, моноталшықтардан жасалған торларға тыйым салынуы.
Бұдан әріде мал шаруашылығы мен ауылшаруашылық кооперациялары мәселелері талқыға түсті. Бүгінде ел аумағында 517 ауылшаруашылық кооперациясы бар болса, олардың 15-і Атырау облысында тіркеулі.
А.ж. шілдеде былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда Маңғыстау және Атырау облыстарында ірі қара мал мен ұсақ қара мал басының, жылқы, түйе, құс санының өсу тенденциясы байқалуда.
Қазіргі таңда АШМ 1 345 белсенді қайта өңдеу кәсіпорынынан тұратын қайта өңдеу кәсіпорындарының мәліметтер базасын қалыптастырды.
Сонымен қатар, 435 кәсіпорынға ұсынылған қайта өңдеудің 9 басым түрі анықталып нақтыланды. Атап айтқанда, сүт, ет, тері, жүн, майлы және астық дақылдар, көкөністер мен жемістер, қант қызылшасы мен картоп тұрғылары назарға алынды. Осылайша әрбір облыс пен аудан кесімінде қайта өңдеу кәсіпорындарын орналастырудың картасы дайындалды.
Отырыс барысында А.Мырзахметов сұрақ-жауап форматында қатысушылардың сауалдарына жауап берді.
Вице-Премьер А.Мырзахметов «Ақбидай» астық терминалы мен Ақтау теңіз терминалында болды.
ҚР АШМ Баспасөз қызметі