Дене терісіне мән беріңіз

Қыс мезгілінде ауа райы ызғарлы, жазда аптап ыстық болғандықтан, тері әр кез өзгеріске ұшырап жатады. Сыртқы орта әсерінен тері түлеп, құрғап кетеді. Бұл жағдайда теріге ылғалды ауа қажет. Таулы аймақтарға, көл жағасына барып, демалыңыз немесе бөлмеңізге ауа ылғалдайтын арнайы  құрылғыларды орнатып қойыңыз.  

Су диетасы. Күнделікті аш қарынға бір кесе су ішкен жөн. Су диетасы ағзадағы зиянды қалдықтарды шығарып, теріні жақсартады. Сондай-ақ, судың теріні нәрлендіретінін ұмытпаңыз.

Табиғи маскалар. Теріңізді тазартып, өңін жасартам десеңіз, аптасына 3 рет  маска жасап тұрыңыз. Бұл міндетті түрде сұлулық салонына барып, косметолог маманға жолығу деген сөз емес. Ас үй сөресіндегі азық-түліктердің пайдалы косметика екенін естен шығармаңыз.

Косметикалық өнімдер. Қол кремдері мен бет мойынға арналған арнайы лосьон жағып жүріңіз. Себебі бұл өнімдер терінің жөнсіз құрғап кетуіне жол бермейді.

Дәрумендер. Кез келген дәріханалардан ағзаға пайдалы дәрумендерді сатып алуға болады. Болмаса, дәрумендерге бай сарымсақ, асқабақ, көк шөп, қияр, қызыл бұрыш, орамжапырақ сияқты көкөністерді көп мөлшерде пайдаланыңыз. Теріңіз нәрленіп қана қоймай, сіз авитаминозға қарсы төтеп бере аласыз.