Мына 6 нәрсені балаға тек әкесі бере алады
Баланың толыққанды өсіп-жетілуінде, дамуы мен қалыптасыуында әкенің рөлі аса маңызды. Сондықтан психологтар мына 6 нәрсені балаға тек әкелері ғана бере алатынан айтады:
1. Әкелер анасы секілді баламен балаша «шүлдірлеп» сөйлескенді ұнатпайды. Әкесінен кәдімгі «үлкендердің» сөзін естіп өскен баланың сөйлеу әдебі жақсырақ дамиды.
2. Әке аналар сияқты көп еркелетіп, сүюден гөрі баламен (аспанға лақтыру, күрес, жұдырықтасу т.б секілді) ойындар ойнағанды ұнатады. Бұл ойындар баланың есту, көру, сезіну түйсіктерін дамытады.
3. Әке психологиясы «мен жігітпін», «менің қолымнан келеді» дегенді үйретуге дағдыланған.
4. Әке балаға еркіндікті, тәуелсіздікті үйретеді. Ол үшін баламен жиі қарым-қатынас жасаса жеткілікті.
5. Отбасында әкесінің басты адам екенін көріп өскен бала болашақ отбасында да басты адам бола біледі, қоғамға, әлеуметтік ортаға дағдылануы оңай болады.
6. Ұлды – әке, қызды – тек анасы тәрбиелеуі қажет деген пікір қате болмақ. Қыз бала кішкене күнінен әкесіне қарап өседі. Болашақ жарының да әкесіндей болғанын қалайды. Яғни, әке қызына қандай қарым-қатынас жасаса, қыз да болшақ жарына сондай қарым-қатынас жасайды деген сөз.